Өз өлкеңді танисың ба?
50 Views«Өзгені тану үшін алдымен өзіңді тани біл» деген жалпы адамзаттық қағида ең алдымен туған өлкенің тарихына үңілуді талап етеді. Осы орайда, жақында аудан орталығындағы…
Абайлаңдар, айналайын адамдар,
Әлі де көп нәуетектер, надандар.
Алтынбек пен Заманбекті атқанмен,
Кімдер ұтты, кім ұтылды, қараңдар?!
Мәңгүрттер бар ата-салтын даттаған,
Өзге жұрттың қаңсықтарын мақтаған.
Туған жерге қалай тұтқа болады,
Шаңырақтың шамшырағын жақпаған.
Өр ақындар аласарып тұрған жоқ
Өлең сөйлер Мұқағали, Мұқтар боп.
Өлді өртеніп қызғаныштың отына
Таланттарға тұзақ, қақпан құрған топ.
Тек құлқынның қазығына байланып
Жемқорлардың жемсауына айналып.
Шімірікпен Шәмшілерді шідерлеп,
Қаншама өзен ақты екен лайланып?!
Жолы ашылмай мына бес күн жалғанда,
Жазықсыздан жапа шегіп қалғанға.
Толқындары тас атады ертеңнің,
Тау тұлғаның аяғынан шалғанға.
Тоғыз қырлы, тоқсан сырлы ойы бар,
Текті сөздің сүбесіне ел тойынар.
Сәуле кірсін сарайына сананың,
Сонда ғана жаманшылық жойылар!..
Өлеңдерім – өмірімнің
айнасы
Есік қағып 80 жасым келдің бе,
Ебелектеп құшағыма ендің бе.
Әлсіретіп ақыл, қайрат, жүректі
Әлімжеттік жасадың ба , жеңдің бе?!
Әлхамдулла, шүкір деймін бәріне,
Әуелеткен тіршіліктің нәріне.
Әңгір таяқ ойнатса да қу тағдыр,
Төзе білдім қаһарланған кәріне.
Қартайсам да көз жанарым таймашы,
Қанат қағып бұлбұлдарым сайрашы.
Қабырғамды қайыстырған шақтағы
Өлеңдерім – өмірімнің айнасы.
Маң даланың мамыр гүлін теретін,
Ұлт көшіне ілесетін,еретін.
Ер тұрманы түгелденген жастарған,
Менің мұрам – жырларым гой беретін.
Адал жандар парасатты саналар,
Мұны айтқан менен бұрын даналар.
Өмір-өзен тоқтатпайды ағысын,
Қиындықтан қорықпаңдар балалар!
Ауылдағы бауырым
(Өтегенов Серікке)
Құс ұшырмай басынан,
Тұлпар мінген жасынан.
Найзағайдай жарқылдап,
Жойқын селдей тасыған.
Ауылдағы інімсің,
Арғы тегі асылдан.
Айбалтадай білегі,
Арыстандай жүрегі.
Алты алашым дегенде.
Ақ періште тілегі.
Аман болсын жігіттер
Ата жұрттың тірегі.
Ой орманын жайқаған,
Сөз мұхитын шайқаған.
Түгі-торқа , тоңы- алтын ,
Топырағы қаймақ ән.
Жалпақсаздың жампозы ең,
Айтқан сөздің таймаған.
Алғыс алған халқыңнан,
Азба түзу қалпыңнан.
Бауырымсың, Серікжан,
Биіктерге талпынған.
Алла өзі жар болып,
Ақ күн тусын алдыңнан!
Ш.Мамасерікова,
Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, «Құрмет» орденінің иегері,
Меркі ауданының Құрметті азаматы.