Пікірлер
27 шілде біз үшін есте қалатын күн. Осы күні Елдосымыз ерледі. Елдостың татамидегі белдесулерін бұған дейін де талай рет көріп, жанкүйер болып жүрмін. Елдос – шымыр жігіт. Намысшыл балуан. Ол талай байрақты додаларда ел намысын абыроймен қорғап, жеңіспен оралып жүрді. Мен Елдосқа сенгенмін. Сол сенімді Елдосымыз ақтады деп ойлаймын. Елдостың әрбір белдесуі эмоцияға толы болды. Қуандық. Шаттандық. Көзге де жас алдық. Осындай батыр ұлдың ата-анасына рахмет. Елдостың ерлігі жас өскіндерге үлгі деп білемін.
Қожайхан Бижанов,
аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы.