Жақсылықпен кел, Жаңа жыл
54 ViewsЖаңа жыл мерекесі аудан орталығында да, әрбір ауылдық округтерде де ерекше тойланды. Дәл сондай ерекше форматтағы Жаңа жылдық мерекелік кеш Көгершін ауылында да өтті.…
Қасиетті Құлан жерінен талай мықты спортшылар шыққан. 2000 жылғы Сидней Олимпиадасында қос бірдей жерлесіміз медаль еншіледі. Алтын медальды бокстан Ермахан Ибраимов жеңіп алса, күміс медальды еркін күрестен Ислам Байрамуков ел қоржынына салған болатын. 2012 жылғы Лондон Олимпиадасында еркін күрестен Ақжүрек Таңатаров қола медаль еншілеп, барлық қазақты қуантқан еді. Одан кейін дзюдодан Елдос Сметов Рио-де Жанейро және Токио Олимпиадаларында күміс және қола медальдың иегері атанып, еліміздегі жас дзюдошыларға кумир болды. Париж төрінде өтіп жатқан Олимпиада ойындары біз үшін сәтті басталды. Елдостың есімі ел тарихында алтын әріптермен жазылатын болады.
Ерлік Шабеев,
аудан әкімдігі денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы.