Өз өлкеңді танисың ба?
49 Views«Өзгені тану үшін алдымен өзіңді тани біл» деген жалпы адамзаттық қағида ең алдымен туған өлкенің тарихына үңілуді талап етеді. Осы орайда, жақында аудан орталығындағы…
Қайбір жылы ауданымыздағы белгілі білім мекемесінің оқушы қызы облыстық байқауға қатысқалы отырғанын айтып, пікір жазып беруімді өтінді. Бет-әлпетіне қарасаң, оқитын қыз секілді. Ғылыми жұмысын оқып шықтым. Тақырыбы да осал емес. Ұлт зиялысы Әлихан Бөкейхановтың өмірі мен шығармашылығы жайында екен. Өзі іздеп, редакцияға бас сұғып тұрған соң көңілін қимай жазып бердім. Ертесіне пікірді алып кетуге келіпті. Сосын ойымда түк жоқ. Әлгі оқушыға «Әлихан Бөкейханов қай жылы туған?» деп сұрақ қоя салып едім. Масқара! Білмейді. Бұл маған әжептеуір соққы болып тиді. Ұлттың қамы үшін өз өмірін өлімге қиған Әлихан атамыздың туған жылын білмесе, ғылыми жұмыс жазудың қажеті не? Жетекші мұғалім қайда қарап отыр дейсің күйініп…
Дана қазақ «Би айтқан сөзді құл да айтады, бірақ аузының дуасы жоқ» деуші ма еді. Мына интернет дегеніңізге дәлме-дәл айтылған теңеу осы болса керек.
М.Жолдасбекұлы.