Мәселе оң шешімін тапты

129 Views

Аудан әкімі Ернар Есіркепов «Оңтүстікқазжерқойнауы»
(Южказнедра) Оңтүстік Қазақстан өңіраралық геология департаменті» РММ-ң басшысының орынбасары Қанат Булегеновпен және ЖК «MC Building-тің» директоры Марианна Шрамкомен кездесті.
Кездесу барысында Жарлысудағы су имаратының барлаушы су ұңғымаларын тазарту жұмыстары талқыланып, нәтижесінде аудан басшысы «Д.А.Қонаев атындағы тау-кен істері институтының» ғалымдарынан құралған жұмыс тобы туындап отырған мәселені жергілікті жерге шығып, зерттеп-зерделеу жұмыстарының жүргізілетіндігі туралы шешімге қол жеткізді.
Осы тұста, бұл шаралар мемлекет қаражатына емес, «Golden Compass» ЖШС-нің 10 миллион теңге қаржылай демеушілік танытуы аясында іске асырылып жатқандығын атап өту қажет.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Поделиться ссылкой: