Тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады

107 Views

Өткен аптада аудан әкімі Ернар Есіркепов аудан тұрғындарын қабылдады. Қоғамдық қабылдауға жазылған тұрғындардың басым көпшілігі тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы өтініш-тілектерін жеткізді. Қазіргі уақытта аудан бойынша тұрғын үй кезегінде 1973 адам тұр. Оның ішінде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 154 бала, әлеуметтік әлсіз топта 792 адам, көпбалалы отбасы 679 және мемлекеттік қызметшілер 348 адамды құрайды. Осы мақсатта өткен жылы Құлан ауылындағы «Арай» тұрғын үй алқабындағы 80 пәтер қолданысқа берілсе, биыл да сол алқаптағы екінші 80 пәтердің кілті ел игілігіне берілген болатын. Аталған пәтер кілттері тек қана кезектілік тәртібімен табысталуда. Жеке сұрақтарымен келген тұрғындарға аудан басшысы Ернар Есіркепов көтерілген ұсыныс-тілектерге қатысты қолданыстағы Заң аясында жауап беріп, кезектегі тұрғындарды баспанамен қамту шаралары күн тәртібіндегі маңызды мәселе екендігін жеткізді.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Поделиться ссылкой: