СӨЗ БАСЫ – СӘЛЕМ
37 ViewsСәлем әдептіліктің белгісі. Сәлемнің сәлемдесу, сәлем беру, сәлем қылу сияқты түрлері бар. Сәлемдесу – кезекпен адамдардың бір – бірінің амандығын біліп, қуанышқа бөленуі, бір…
Өткен аптада аудан әкімі Ернар Есіркепов швециялық «VOLVO» арнайы техникаларының баламасын өндіруші қытайлық «SDLG» компаниясының Қазақстандағы ресми дистрибьютері «Sevalo Engineering Machinery Kazakhstan» ЖШС-інде болып, компанияның бас директоры Тәжібек Азаматпен келіссөз жүргізді.
Келіссөздің мақсаты – аталған компанияның ауылшаруашылық техникаларын құрастыратын зауытын аудан аумағына алып келу болып табылады.
Осыған орай келіссөзде ауданның бұл бағыттағы мүмкіндіктері талқыланып, компания басшылығына аудан шаруаларының егін өнімдерін (арпа, бидай) арнайы тракторларға айырбастап, техника бағамын өніммен қабылдау мәселелері пысықталды.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.