Мәңгілік ән қалдырған Мэлс
Композитор Нұрғиса Тілендиевтің айтқан сөзін қараңызшы. «Қазақты мендей сүйетін адам болса, бұл қазақ жаман болмас еді. Мен қайтқанда халқым жоқтау айтпайды, әнмен шығарып салады, мен елдің рухын көтеріп кеткім келеді. Сол үшін де жаратылғанмын». Сүйектен өтетін сөз ғой, мынау. Егер түсінетін адам болса?.. Қарап отырсаң, қазір не көп, әнші көп. Күніне бір ән шығаратын композиторлар да көп. Соларды аяймын кейде… Кейде тіпті, мынадай да ой келеді шақша басқа. Кешегі Шәмші, Нұрғиса, Әбілахат, Мэлс ағалар тіріліп келсе, қазіргі эстрада да «мен» деп кеудесін керіп жүргендердің көбісі ұяттан «кірерге жер» таппай қалар, сірә!
Мэлс Өзбековтің әндерін айтсаңызшы. Қандай керемет. «Жазылбекшілер маршы», «Тобылғы сай», «Келші Айым», «Ақ тамақ қарлығаштар», «Сұлутөр аруы», «Келші Құланға» сияқты тағы да басқа әндері нағыз классика ғой. Өйткені, ол – елдің рухын әнмен көтерген бірегей талант иесі.
Сол Мэлсті тірі кезінде біз бағалай алдық па?..
М.Аятберген.