БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР МАРАПАТТАЛДЫ
Аудан әкімі Ернар Есіркепов әркез жастарды қолдайды. Олардың айтқан пікірлерінде ескереді. Оның дәлелін алысқа бармай-ақ, кеше өткен кездесуден байқауға болады. Кездесуде аудан басшысы белсенді жастарды 12 тамыз – Халықаралық жастар күнімен құттықтап, елдің бүгіні мен ертеңі де тікелей жастарға байланысты екенін жеткізді. Сонымен қатар, жиында 3-12 тамыз аралығында жастар күніне орай өткізілген онкүндік барысында атқарылған іс-шаралар сараланып, аталған шараға белсенді атсалысқан бірқатар жалынды жастарға аудан әкімінің алғыс хаттары табысталды. Айта кетерлігі, бүгінде ауданымызда 674546 тұрғын болса, олардың 30,2 пайызын, яғни 20960 жастар құрайды. Оның ішінде 2120 жас тұрақты қызметте болса, өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген жастардың үлесі – 4612, кәсібін дөңгелетіп отырғандар – 365, колледж студенттері – 589, мектеп қабырғасында – 4389, мүмкіндігі шектеулі жандар – 480, НЕЕТ санатындағы жастар – 95 адам болса, 8310 жас аудан аумағынан тыс жерде өмір сүруде.
Марат Диханбай.