Дөңгелек үстел өтті

96 Views

Тұрар Рысқұлов аудандық сотында «Еурохаттаманы рәсімдеу мәселелері туралы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға аудандық соттың төрағасы Айдарбек Замбаев, сот әкімшісінің басшысы Жасұзақ Баймендиев және аудандық полиция бөлімінің өкілдері қатысты.
Іс-шараны аша отырып, сот төрағасы Айдарбек Замбаев 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап, ҚР Жол жүрісі қағидаларында жол-көлік оқиғасын (әрі қарай – ЖКО) жеңілдетілген жолмен ресімдеуге болатынын, яғни ұсақ ЖКО орын алған кезде, автокөлік иелері сақтандыру компанияларынан келтірілген залалды жол полициясы мен сот органдарын шақырмай-ақ, тиімді тәсілмен өтеуге құқылы екенін айтты. Аталған оңайтылған тәртіп «Еурохаттама» деп аталды.
АПБ ЖПҚБ патрульдік полиция тобы қызметінің инспекторы, полиция аға лейтенанты Рауан Атабаев Еурохаттаманың артықшылықтарына тоқталды. Аталған хаттама түрі автокөлік иелеріне жол көлік оқиғасын дербес реттеуге, ЖКО екі көлік құралы ғана қатысса, келтірілген шығын сомасы өзара келісім бойынша 100 АЕК-тен аспауы тиіс, жол көлік оқиғасына қатысушылар арасында апатқа кім кінәлі, ең бастысы жәбірленуші туралы келіспеушіліктер болмаса қолданылады. ЖКО-ны «Еурохаттама» мобильдік қосымшасы арқылы ресімдеуге болады.
Сондай-ақ, хаттаманы толтырған кезде сақтандыру компанияларына дереу хабар беріп, келтірілген шығынды есептеу қамтамасыз етіледі.
Іс-шара соңында қатысушылар цифрлық өнімнің үлкен сұранысқа ие екендігін және жол көлік оқиғасы орын алған жағдайда кінәліні заңда белгіленген тәртіптік жауапкершілікке тартпай-ақ, бейбіт жолмен реттеуге болатындығын жеткізді.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: