Өз өлкеңді танисың ба?
49 Views«Өзгені тану үшін алдымен өзіңді тани біл» деген жалпы адамзаттық қағида ең алдымен туған өлкенің тарихына үңілуді талап етеді. Осы орайда, жақында аудан орталығындағы…
Жыл басынан бері Жамбыл облысында 114 мыңнан астам жеке куәлік пен төлқұжат берілген. Айтпақшы, бұл қызмет Қазақстандағы ең танымал қызметтердің бірі болып табылады.
Естеріңізге сала кетейік, төлқұжат беру үшін мемлекеттік баж мыналар болып табылады:
– 36 парақтан тұратын Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты үшін – 8 АЕК (29 536 теңге);
– 48 беттік төлқұжат үшін – 12 АЕК (44 304 теңге);
– 24 беттік төлқұжат үшін (16 жасқа дейінгі балалар үшін) – 4 АЕК (14 768 теңге).
Жеке куәлікті жасағаны үшін мемлекеттік баж салығы 0,2 АЕК (738 теңге) құрайды. Құжаттарды 15 жұмыс күні ішінде алуға болады. Сондай-ақ, құжатты беру уақытын жылдамдатуға болады. Құны өндіріс уақытына байланысты болады.
Білу керек:
– 16 жаста негізгі жеке куәлікті алу кезінде ата-анасының немесе заңды өкілінің қатысуы қажет. Тұрақты тұрғылықты жеріңіз бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз:
– құжаттар ауыстырылған немесе жоғалған жағдайда жақын жердегі Халыққа қызмет көрсету орталығына хабарласуыңызға болады.
Аудандық Халыққа қызмет көрсету бөлімі.