Жарлысудағы ауыз судың жайы талқыланды

84 Views

Өткен сәрсенбіде Жарлысу ауылында облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Қайшыбекұлы, аудан әкімі Ернар Серікәліұлы, облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі және «Оңтүстікқазжерқойнауы» ғалымдары мен мамандарының және өзге де лауазым иелерінің қатысуымен көптен бері шешілмей келе жатқан ауыз су мәселесі бойынша келелі кеңес өтті. Сондай-ақ, кеңеске бірқатар белсенді ауыл тұрғындары мен ақсақалдары да қатысты. Кеңес нәтижесі бойынша бұрын қазылған ұңғымаларды терең тазарту жұмыстарын жүргізіп, жер асты суларының қорын анықтау туралы келісімге қол жеткізілді. Өз кезегінде аудан басшысы бұл шараның Жарлысу ауылын ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған жоспарлы жұмыстардың бастамасы болып табылатындығын жеткізді. Осы тұста бұл жұмыстардың барлығы мемлекет қаражатына емес, демеушілер есебінен жүргізілетіндігін атап кеткен жөн.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Поделиться ссылкой: