Төлем жасап, ұтысқа ие болды
Halyk bank қосымшасы ағымдағы жылдың 15 мамырынан бастап 31 тамызға дейін күнделікті 1 000 000 тг ұтыс ойынын өткізуде.
Жуырда ауданымыздың тұрғыны Айпаш Бозшалова Halyk bank қосымшасы арқылы коммуналдық төлемдер жасап, 1 000 000 теңгелік ұтысқа ие болды.
Осыған орай, жақында «Қазақстан Халық банкі» акционерлік қоғамының Т.Рысқұлов аудандық басқарма басшысы Күлпаш Туржанова ұтыс жеңімпазы қызмет ететін Құлан агротехникалық жоғары колледжіне арнайы барып, сертификатты табыстады.
Айта кету керек, 1 000 000 бонус түріндегі ұтысты Halyk қосымшасында «Төлемдер» бөлімінде қызметтерді төлеу кезінде, Halyk market және Halyk POS терминалдарында бонустармен төлем жасаған кезде пайдалануға болады.
Ақжарқын Мұратбекқызы.