Хабарландыру

196 Views

«Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Т.Рысқұлов аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінде 2 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Біріншісі – «Экспорттау кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын)объектілерге ветеринариялық сертификат беру». Нақтырақ айтар болсақ, Қазақстан Республикасынан шет мемлекеттерге шығатын ауыл шаруашылығы жануарлары, олардың өнімдері мен шикізаттарын тасымалдау үшін берілетін ветеринариялық ілеспе құжат. Ветеринариялық сертификатты екі түрде алуға болады. Т.Рысқұлов аудандық аумақтық инспекциясының кеңсесі арқылы және «Электронды үкіметтің» веб порталы www.egov.kz, www.elicense.kz арқылы жүзеге асырылады.
Екіншісі – «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру». Бұл қызметте «Электронды үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz арқылы жүзеге асырылады. Осы жоғарыдағы мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы №7-1/453 бұйрығының негізінде көрсетіледі. Аталған бұйрықпен толық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінен, ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсынан, Т.Рысқұлов аудандық аумақтық инспекциясының кеңсесінен танысуға болады.
Мекеменің мекенжайы: Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Жібек жолы көшесі №78-ғимараттың 3-бөлмесі (бұрынғы Темірбанк). Телефоны 2-19-75. Жұмыс кестесі: дүйсенбі – жұма (қоса алғанда) аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасына сәйкес, көрсетілетін қызметті беруші белгіленген жұмыс уақыты кестесіне сай жүзеге асырылады.

Тұрар Рысқұлов аудандық аумақтық инспекциясы.

Поделиться ссылкой: