Өз өлкеңді танисың ба?
49 Views«Өзгені тану үшін алдымен өзіңді тани біл» деген жалпы адамзаттық қағида ең алдымен туған өлкенің тарихына үңілуді талап етеді. Осы орайда, жақында аудан орталығындағы…
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы қарашадағы № ҚР ДСМ-194/2020 бұйрығымен бекітілген «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі-МСАК) көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту қағидаларын бекіту туралы» қағидаларына сәйкес, денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту медициналық ұйымды еркін таңдау құқығы бойынша жақын маңдағы әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында орналасқан, бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде (ауыл, кент, ауылдық округ, аудан) МСАК ұйымын еркін таңдау құқығы ескеріле отырып, тұрақты немесе уақытша тұратын жері бойынша жүзеге асырылады. Азамат дәрігер мен емхананы еркін таңдаған жағдайда бекіту жылына бір реттен жиі емес жүзеге асырылады. Азамат МСАК ұйымының біреуіне ғана бекітіледі.
МСАК ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту МСАК көрсету үшін негіз болып табылады:
– қызмет көрсетудің отбасылық қағидаты;
– МСАК аумақтық қолжетімділігі;
– аумақтық қолжетімділік шегінде медициналық ұйымды еркін таңдау;
– Пациенттің медициналық көмек сапасына қанағаттануы;
– Меншік нысанына және ведомстволық тиесілігіне қарамастан, тең құқықтылық және адал бәсекелестік қағидаттарымен жүзеге асырылады.
Бекіту науқаны кезеңінде МСАК ұйымдарына бекітілген азаматтар осы ұйымда «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ – мен (бұдан әрі — Қор) медициналық қызметтерді сатып алу шартын жасасқан жағдайда келесі 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап МСАК алады. Ағымдағы жылы аталған азаматтар бұрын бекітілген МСАК ұйымында медициналық көмекті алуды жалғастырады.
Тұрақты немесе уақытша тұратын жері бойынша МСАК ұйымына бекіту үшін «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту» мемлекеттік қызмет іске асырылады. МСАК ұйымы жеке тұлғаларға өз бетінше немесе «Электронды үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – ЭҮП) арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметтерді ұсынады.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметке тікелей жүгінген кезде ұйымның бірінші басшысының атына жазбаша нысанда өтінімді мынадай жеке тұлғалар бере алады:
– зейнеткерлер;
– мүгедектігі бар адамдар;
– Бала кезінен мүгедектігі бар баланың заңды өкілдері, сондай-ақ, қорғаншылар немесе қамқоршылар, патронаттық тәрбиешілер және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, балаға қамқорлық жасауды, білім, тәрбие беруді, баланың құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын басқа да оларды алмастыратын адамдар (заңды өкілдер);
– Сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген, колонияларда өтеп жүрген сотталғандар (өтеу орны бойынша), облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың жергілікті денсаулық сақтау мемлекеттік басқару органының бірінші басшысының бұйрығымен құрылған «Бекітілген халық тіркелімі» ақпараттық жүйесіне халықтың МСАК-қа бекітілуін (босатуын) тіркеу мәселелерін қарастыру жөніндегі комиссияның хаттамасы болса;
– студенттер, сондай-ақ, медреседе оқитын студенттер, МСАК-қа жоғары оқу орны ректорының жазған өтініші және оқу орны мен МСАК арасындағы комиссияның хаттамасы болса;
– мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер;
– шет мемлекеттерде туған балалар;
– сәбилер, жетімдер, қарттар үйлерінің және басқалардың қамқорлығындағылар;
– бекітуді сенімхат бойынша ресімдейтіндер.
МСАК ұйымына тікелей жүгінген кезде МСАК ұйымының мамандары «Бекітілген халық тіркелімі» ақпараттық жүйесіне бекітуге сұрау салуды ресімдейді. Цифрлық денсаулық сақтау субъектісінің маманы бекітуге арналған сұрау салуды қарайды және өтінімді мақұлдау туралы не дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдайды. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет құжаттарды тапсырған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетіледі. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салу МСАК ұйымының жұмысы аяқталғанға дейін 2 (екі) сағат бұрын қабылданады (жұмыс күндері сағат 18.00-ге дейін). МСАК ұйымына жеке тұлғаны бекіту кезінде алдыңғы МСАК ұйымынан бекітуден шығару автоматты түрде жүзеге асырылады.
Егер пациент басқа елді мекенге кеткен болса (іссапарға, қонаққа және т.б.) және ауырып қалса, онда ол шұғыл медициналық көмек алу үшін орналасқан жері бойынша жақын маңдағы медициналық ұйымға жүгіне алады немесе жедел медициналық жәрдем бригадасын шақыра алады.
Қазақстанда қыркүйектіӊ 1-нен бастап емханаға тіркелу науқаны басталды. Екі айға созылатын жыл сайынғы дәстүрлі компания 1 қарашада аяқталады.
Раушан Жұманқұлова,
аудандық орталық аурухананың
әдістемелік-ұйымдастыру қызметінің басшысы.