Өз өлкеңді танисың ба?
49 Views«Өзгені тану үшін алдымен өзіңді тани біл» деген жалпы адамзаттық қағида ең алдымен туған өлкенің тарихына үңілуді талап етеді. Осы орайда, жақында аудан орталығындағы…
аудандық полиция бөлімінде мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп жүрген өзге ұлт өкілдері баршылық. Солардың бірі тылды қамтамасыз ету тобының қару қоймасының меңгерушісі әрі қару шебер полиция кіші сержанты Нуралиев Тұрсынбек Алыбекұлы. Ол орта мектепті қазақ тілінде бітіріп, қазақи ортада өсті. Қырғызстан Республикасы, Талас қаласында дүниеге келген. 1989 жылы Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Көгершін ауылына көшіп келген. Ол бала кезінен қазақтармен етене араласып жүріп ер жетті. 2004 жылдың қыркүйек айында Алматы қаласына Құқық және экономика колледжіне «құқықтану» мамандығына оқуға түсіп, оқып жүргенде де қазақ тілін тек түсініп қана қоймай, барынша таза сөйлеуге барын салатын. Оның өзі өскен ортасына деген құрметі, қазақ тіліне деген құштарлығынан білінетін.
Тұрсынбек Алыбекұлы «Құқық және экономика» колледжін бітіргеннен кейін еңбек жолын 2007 жылдың сәуір айында Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Отар ауылы, Гвардейский қалашығына Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің әскери полиция бөліміне ауысым бастығы лауазымына қызметке тұрды. Жергілікті тұрғындар жүзі басқа болғанымен, жүрегі қазақтарға бұрып тұратын қырғыз баласын жылы қабылдады. Қазақылықтың қаймағы бұзылмаған Жамбыл облысында аз уақыт қызмет атқарса да, Тұрсынбек барлық іс қағаздары мемлекеттік тілде жүретін әскери бөлімде тілді меңгеруді тереңдете түсті десе де болады.
2012-2020 жылдары аралығында Алматы қаласы әскери полиция жасағы, штаб аға инспекторы лауазымында қызмет атқарғанда да Тұрсынбек Алыбекұлының қазақ тілін білуі сол ортаға тез сіңіп, әріптестерімен ортақ тіл табысуына септігін тигізді.
2020-2021 жылдары арлығында Жамбыл облысы, Тараз қаласы Әскери полиция бөлімінде патруль лауазымында қызмет атқарған.
2021-2023 жылдары аралығында Астана қаласы Әскери полиция жасағы штаб аға инспекторы лауазымында қызмет атқарған.
2023 жылдың қараша айынан бастап Жамбыл облысы Полиция департаменті Тұрар Рысқұлов аудандық полиция бөлімінде тылды қамтамасыз ету тобының қару қоймасының меңгерушісі, әрі қару шебері лауазымына тағайындалып қызмет атқаруда.
Тұрсынбек пен Айгүл шаңырақ көтергенде олардың арасындағы сүйіспеншілікке куә әріптестері қуанды. Бүгінде олар төрт ұл тәрбиелеп отырған үлгілі отбасы. Ұлты қырғыз болса да, тілі мен тілегін бір арнаға тоғыстырған Тұрсынбек аудандық полиция бөлімінде іс қағаздарының мемлекеттік тілде сауатты жазылуына барынша атсалысады. Полиция кіші сержанты, адал жар, аяулы әке. Оның қызметтегі еңбекқорлығы мен жауаптылығы мемлекеттік тілге деген құштарлығы мен қамқорлығы басқа әріптестеріне де үлгі-өнеге.
Аудандық полиция бөлімінің тәрбие және кадр
жұмысының тобы.