Жаңа жолдауда денсаулық сақтау саласына басымдық берілді
2024 жылдың 2 қыркүйегінде ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына Жолдауын жариялады.
Мемлекет басшысынан айтуынша «Ұлт саулығын нығайту үшін кешенді шараларды қолға алып, халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жаңғырту керек. Медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылар арасында міндеттердің дұрыс бөлінбеуі бұрмаланған ақпараттың көбеюіне әкеп соқтырды. Науқастарға мемлекет кепілдік берген қызметтерді ақылы негізде алуды немесе бірнеше ай бойы кезек күтуді ұсыну жайттары аз емес. Бұған жол беруге болмайды. Бюджеттің мүмкіндігі мен міндеттемесін ескере отырып, мемлекет кепілдік беретін медициналық көмектің бірыңғай базалық топтамасын жасау қажет. Ал одан асып кеткен шығынның бәрі сақтандыру жүйесі арқылы төленуге тиіс. Цифрландыру болмаса, мұндай ауқымды өзгерістерді сәтті жүзеге асыру мүмкін еместігін» атап көрсетті.
Президент өз Жолдауында Білікті медицина мамандарының тапшылығын шешу үшін, ең алдымен, медицина саласындағы білім сапасын барынша арттырып, грант құнын білім беру үдерістерінің деңгейіне қарай саралау арқылы белгілеп, тиімді тарату қажеттігін айтты. Сонымен қатар Жолдауда жастардың дамуына, бұқаралық спортты дамыту маңыздылығы атап көрсетілді. «Жастарымыз дені сау, мықты азамат болып өсуі керек. Сондықтан ұлт саулығын сақтау үшін бұқаралық спорттың маңызы айрықша» – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ел Президентінің бұл Жолдауы халқымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға, шетелдік инвесторлардың жауапкершіліктерін арттыруға, адам өмірінің қауіпсіздігін қорғауға, қоғамдағы түйіткілді мәселелерді дер кезінде шешуге, халықтың мүддесін жақсартуға бағытталған. Олай болса, еліміздің жарқын болашағы мен кемел келешегі үшін Жолдауда көрсетілген міндеттерді орындау – әр азаматтың борышы. Мемлекет басшысы халықтың көкейінде жүрген бірқатар мәселелерді көтеріп, оларды шешу бойынша нақты тапсырмалар берді. Ендігі кезекте тек жұмыс жасау қажет.
Р.Жұманқұлова,
аудандық орталық аурухананың әдістемелік-ұйымдастыру қызметінің басшысы.