Жылжымайтын мүліктеріңізді тіркеу қажет
Жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу – мүлікке құқығыңызды растайтын міндетті рәсім. Жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу мүліктің толыққанды иесі атану, өзіңізді алаяқтықтан қорғау және келешекте оған қатысты операцияларды кедергісіз орындау үшін қажет.
Мемлекет басшысының атаулы әлеуметтік көмек көрсетуді мұқтаждықты ескере отырып, қамтамасыз ету қажеттігі туралы тапсырмасын орындау шеңберінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Отбасының цифрлық картасын іске қосты.
Бұл цифрлық платформа әлеуметтік қолдауға, қажетті мемлекеттік қызметтерге мұқтаж адамдардың мұқтаждығын және отбасының әл-ауқатының деңгейін 5 санат бойынша анықтауға мүмкіндік береді. Бұл ретте, отбасының цифрлық картасы мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқығы бар қазақстандықтарға проактивті форматта, яғни қандай да бір өтінішсіз қызметтерді ресімдеуге мүмкіндік береді.
Осыған орай, өздеріңіздің жылжымайтын мүліктеріңізді тіркеу қажет екендігін хабарлайды.
Құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне ғимараттардың, құрылыс жайлардың және (немесе) олардың құрамдастарының жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізу, мемлекеттік техникалық зерттеп, қарау жүргізу және «Жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортының телнұсқасын беру» секілді мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді.
Аудандық тіркеу жер кадастры бөлімі.