24 ViewsҚазақстандық қоғамдық даму институты 2026 жылғы 8-20 шілде аралығында еліміздің барлық өңірлерінде – 17 облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 1200 респондент арасында…
Атқарушылық іс жүргізу тараптарының құқықтары мен міндеттері
330 Views
Атқарушылық іс жүргізу тараптары – атқарушылық іс жүргізу материалдарымен танысуға, олардан үзінділер жасауға, көшірмелерін алуға, қосымша материалдар беруге, өтініш білдіруге, атқарушылық әрекеттер жасауға қатысуға, атқарушылық әрекеттер процесінде ауызша және жазбаша түсініктер беруге, атқарушылық іс жүргізу барысында туындайтын барлық мәселелер бойынша өз дәлелдері мен пікірлерін айтуға, атқарушылық іс жүргізуге қатысушы басқа адамдардың дәлелдері мен өтініштеріне қарсылық білдіруге, бас тартатынын мәлімдеуге, атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша сот орындаушысының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) немесе шешімдеріне шағым жасауға, бітімгершілік келісімді бекіту туралы өтінішпен сотқа жүгінуге құқылы.
Атқарушылық іс жүргізу тараптары өздеріне берілген барлық құқықтарды адал пайдалануға, сондай-ақ, заңның талаптарын орындауға міндетті.
Борышкер сот орындаушысына атқарушылық іс жүргізу кезеңінде жұмыс орнының өзгергені туралы, сондай-ақ, жаңа кіріс көздерінің пайда болғаны туралы хабарлауға міндетті.
М.Маратбек,
Т.Рысқұлов ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімінің басшысы.

