23 маусым – Қазақстан полициясы күні
49 ViewsАудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі полиция инспекторы, полиция капитаны Гүлжан Ниязқұлова біздің газетке мақалалар жазып тұрады. Әрдайым еселі еңбек етіп, халыққа қалтқысыз…
Республикалық «Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық бірлестігінің құрылғанына 10 жылдан асты. Бірлестіктің басты мақсаты – жастар арасында патриоттық құндылықты насихаттай отырып, желтоқсаншылардың есімдерін мұқым елдің назарына дәріптеу. Қазіргі таңда аталмыш ұйымның Тұрар Рысқұлов ауданында да арнайы бөлімшесі ашылып, 3 жылдан бері өз жұмысын жүргізіп келеді. Бауыржан Құрымбаев төрағалық ететін қоғамдық бірлестікте бүгінгі таңда 11 желтоқсаншы тіркелген. Олар: Ләззат Қалабаева, Нұржамал Шымырбаева, Бақытжан және Бауыржан Құрымбаевтар, Орынбасар Омарова, Роза Айбасова, Бейсеналы Сарыкүшіков, Сабира Нәлібаева, Сая Ибраимова, Сандуғаш Шәріпханова, Әділбек Қадырханов. Қоғамдық бірлестіктің мүшелері “Ел Тәуелсіздігінің – 25” және “Желтоқсан көтерілісіне – 30 жыл” атты медальдармен марапатталған.
СУРЕТТЕ: республикалық «Желтоқсан ақиқаты»
қоғамдық бірлестігінің Тұрар Рысқұлов аудандық
бөлімшесінің мүшелері. М.ЖОЛДАСБЕКҰЛЫ.