ТӘУЕЛСІЗДІК ТОЙЫ ТОЙЛАНДЫ

712 Views

Тәуелсіздік күні мерекесіне орай аудан әкімдігінің мәжіліс залында жиын өтті. Аталмыш мерекелік басқосуға ауданымыздың әр саласында қызмет атқарған және әлі күнге дейін сол саланы жандандыруға атсалысып жүрген азаматтар шақырылып, оларға лайықты құрмет көрсетілді.

Жиын барысында аудан әкімі Асқар Қырықбаев сөз сөйлеп, қатысушыларды айтулы мерекемен құттықтап, бірнеше азаматтарды «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісімен және «Тұрар Рысқұлов ауданына 80 жыл» атты мерекелік медалімен марапаттады. Олардың қатарында Шорабек Атабаев, Сейт-Хасан Ахаев, Рахманалы Әбдіқадіров, Қожайхан Бижанов, Санат Қырықбаев, Ерлік Шабеев, Пазыл Сүлейменов, Бейшенқұл Ниязқұлов, Ертіс Тұғылшиев сынды азаматтар болды. Жиын аяқтала салымен басқосуға жиылғандар қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, аудандық Мэлс Өзбеков атындағы мәдениет үйінде жалғасқан салтанатты жиынға қатысты. Жиын барысында алғаш болып сөз алған аудан басшысы Асқар Санатұлы аудан тұрғындарын Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады. Содан соң Елбасының қолынан «Қазақстан Республикасының Еңбек Ері» атағын алған жерлесіміз Сайрамбай Дөненбаевқа қатысты жағымды жаңалықпен бөлісті. Ізінен ел игілігі үшін қызмет атқарып жүрген бірнеше азаматтарды марапаттады. Олардың қатарында теміржолшылар, ұстаздар, дәрігерлер, кәсіпкерлер, шаруа қожалық басшылары болды. Атап айтар болсақ, Өмен Ниязқұлов, Бақытжан Іңкәрбеков, Бейсенбай Танбаев, Гүлсара Нұрмағамбетова, Жұмакүл Бүкірова, Александр Савченко, Серік Қосшығұл, Қуандық Шолақ сынды азаматтар  «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісін кеудесіне тақса, Айымкүл Қаратышқанова, Кәдірбек Жапарқұлов, Нышанбек Көкірекбаев сынды азаматтар «Т.Рысқұлов ауданына 80 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

Сонымен қатар, ауданның өсіп-өркендеуіне, әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлес қосып, әр салада еңбегімен танылған Төлеген Маренов, Жұмабек Койшыманов, Күнту Арыстанбаев, Тоқтаған Ахметов, Тілеубек Барлыбаевтарға «Ауданның Құрметті азаматы» атағы берілді.

Жиын соңы аудан өнерпаздары даярлаған коцерттік бағдарламамен жалғасты.

Ж.БАЗЫЛБЕКОВ.

 

Поделиться ссылкой: