Өз өлкеңді танисың ба?
49 Views«Өзгені тану үшін алдымен өзіңді тани біл» деген жалпы адамзаттық қағида ең алдымен туған өлкенің тарихына үңілуді талап етеді. Осы орайда, жақында аудан орталығындағы…
Сыбайлас жемқорлықпен күрес – кез келген өркениетті қоғам үшін маңызды мәселелердің бірі. Бұл әлеуметтік дерт заман ағымына ілесіп, қоғамдық бәсекелестік пен мол қаражаттың ортасында тамырын тереңге жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай келеді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі бағыттарының бірі – осы кеселмен күрес жүргізу. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның басты мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет дегеніміз – адамның саналы түрде жемқорлыққа қарсы тұру қабілеті мен адамгершілік ұстанымдары. Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті – оның қоғам игілігі мен қауіпсіздігіне тигізетін зияны туралы түсінігі мен жауапкершілік сезімі. Жемқорлықпен күресу мақсатында «Халыққа қызмет көрсету» бөлімінде де сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар ұйымдастырылып, уәкілетті органдармен бірлескен жиындар өткізіліп, хаттамалар тіркеліп отырады.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Жамбыл облысы
бойынша филиалы, Тұрар Рысқұлов аудандық бөлімі.