Ағзада йод тапшылығы туындаса…

68 Views

Йод – адам ағзасының маңызды бөлігі. Мөлшері аз 20-30 мг аспағанымен, йод қалқанша без гормондарының (тиреоидты гормондар) түзілуінің таптырмас қатысушысы. Бұл гормондар ағзаның барлық органдары мен жүйелері қажет. Олар ақуыз, май, көмірсулар алмасуына және терморегуляцияға әсер етеді. Йодтың жеткілікті мөлшері адамды физикалық және ақыл-ой белсенділігі үшін энергиямен қамтамасыз етеді. Ағзаның өсуіне, дамуына және жасушалардың қалпына келуіне ықпал етеді. Йодтың тапшылығы болмағанда адам өзін сергек, өмірлік күшке толы, сау және көңілді сезінеді. Сонымен қатар йодтың ақыл-ой дамуына тікелей әсер ететіндігіне ғылыми дәлелденген деректер бар.
Йод тапшылығының белгілері. Йод тапшылығының бірнеше белгілері бар. Оларды қабылдауға және есте сақтауға ыңғайлы болу үшін топтарға біріктіруге болады: эмоциялық, иммундық тапшылық, ісіну, гинекологиялық, кардиологиялық және гематологиялық. Денсаулығыңыз бен ағзаңызды бақылай отырып, жақындап қалған проблеманы дер кезінде анықтап, оның алдын алудың шұғыл шараларын қабылдай аласыз.
Йод тапшылығының эмоциялық белгілері тобына мыналар жатады: нақты кісіге тән емес тітіркенгіштік, ұмытшақтық, зейіннің және реакцияның нашарлауы, ұзаққа созылған депрессиялық жағдай, өмірлік тонустың төмендеуі, ұйқышылдық және ағзаның жалпы әлсіздігі.
Иммундық тапшылық тобы – иммунитеттің әлсіреуі және соның салдарынан инфекцияларға, суық тию ауруларына ерекше бейімділік, созылмалы аурулардың дамуы.
Ісіну – йод жетіспеушілігінің алғышарттарының бірі болып саналады. Бұл көз айналасындағы ісінуге де, басқалардың бәріне де қатысты: қол, аяқ және т.б. Бұл ретте, ісінулерден арылу үшін несеп айдайтын препараттарды қабылдауы жай-күйді ушықтырады, оларға тәуелділіктің қалыптасу ықтималдығын бірнеше рет арттырады.
Йод тапшылығының ең бастапқы сатысының гинекологиялық белгілері – етеккір циклінің бұзылуы, емізіктердің жарылуы сияқты ауытқуларды біріктіреді. Ал аурудың асқынған сатысында бедеулік немесе ерте климакс пайда болуы да мүмкін.
Кардиологиялық топ: атеросклероз, аритмия, төменгі қысымның жоғарылауы. Бұл белгілер үшін жоғарыда аталған ауруларды емдеу көзге көрінбейтін нәтижесіз өтуі мүмкін. Өйткені дамып келе жатқан йод тапшылығы аясында тиісті препараттарды қолдану тиісті және ұзақ мерзімді әсер бермейді. Бұл гематологиялық белгілерге де қатысты (гемоглобин деңгейінің төмендеуі), емдеуші дәрігерлер тағайындаған дәрі-дәрмектер аз әсер ететін болады. Ақырында, адамда йод тапшылығының ең айқын белгілерінің бірі – зобтың өсуі. Бірақ бұл үдемелі аурудың белгісі.
Йод тапшылығы несімен қауіпті? Йод тапшылығының қауіптілігі жоғарыда аталған белгілердің барлығы айтарлықтай асқынады және тиісті ем болмаған кезде қайтымсыз болуы мүмкін. Ал ұлғайып келе жатқан зоб жақын маңдағы органдарға қысым жасай бастайды. Сол себептен құрғақ жөтел, тұншығу ұстамалары және тамақ жұтқан кезде қиындықтар тудыруы мүмкін.
Сондай-ақ, әйелдерде йод тапшылығынан сүт бездерінің аурулары дамиды. Қалқанша без функцияларының төмендеуі балалар мен жасөспірімдерде сүйектердің өсуін баяулатады.
Жүкті әйелдер үшін йод тапшылығы өте қауіпті болып саналады. Өйткені бұл ұрықтың дұрыс дамуына және жаңа туған нәрестенің меңіреулігіне, өлі тууына әкелуі мүмкін.
Балалардағы қалқанша безінің асқынған ауруларының салдары: физикалық және ақыл-ой дамуының бәсеңдеуі, баяу өсуі, сөйлеу бұзылулары, керең-мылқау болуы мүмкін.
Йод тапшылығы жасы үлкен адамдар үшін де қауіпті. Себебі белгілі бір жасқа дейін ғана біздің ағза пайда болған проблеманы өз бетінше шеше алады және йод жетіспеушілігін өтейді.
Йод тапшылығының алдын алу. Онымен қалай күресуге болады? Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) физиологиялық, яғни жасына байланысты микроэлементті – йодты тұтынудың тәуліктік нормаларын белгілеген. Орташа алғанда бұл норма күн сайын 120-дан 150 мкг-ға дейін.
Йодтың негізгі мөлшері біздің ағзамызға азық-түлікпен келіп түседі. Ең көп концентрация теңіз балығында, теңіз өнімдерінде, теңіз балдырларында және балық майларында – шамамен 800-1000 мг/кг болады.

С.Ускенбаев,
аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы,
мемлекеттік санитариялық бас дәрігері.

Поделиться ссылкой: