Кезекті аппараттық кеңес өтті
21 ViewsКеше аудан әкімі Ернар Есіркеповтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте «Жасыл белдеу» бағдарламасының іске асырылу барысы пысықталды. Соңғы екі жылда аудан аумағында 22,5 гектар жерге…
26 желтоқсанда қазақ халқының ұлы тұлғасы, мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұловтың туғанына 130 жыл толды. Осыған орай аудан әкімі Ернар Есіркеповтің бастамасымен мекеме және бөлім басшылары, зиялы қауым өкілдері мен ардагерлер аудан орталығында орналасқан тау тұлғаның ескерткішінің алдында бас қосып, ұлы қайраткерді үнсіздікпен еске алып, гүл шоқтарын қойды.
Тұрар Рысқұловтың ұлт мүддесі жолындағы қажырлы еңбегі ұрпақ жадында мәңгі сақталмақ. осы іс-шара оның ұлы мұрасын құрметтеп, жастарға үлгі-өнеге ретінде көрсетуге бағытталған.
«Құлан таңы» ақпарат.