Еурохаттама: Жаңа стандарттар мен артықшылықтар

92 Views

Еурохаттама – бұл жол-көлік оқиғалары (ЖКО) кезінде дауларды жеңілдетіп, уақытты үнемдейтін рәсім. Қазақстанда бұл жүйе 2021 жылдан бастап енгізіле бастады. Ол Еуропалық Одақтың тәжірибесіне негізделген. Еурохаттама ЖКО-ны ресми түрде тіркеу кезінде жол полициясының қатысуынсыз келісімге келуге мүмкіндік береді. Бұл уақыт пен бюрократиялық рәсімдерді қысқартып, жүргізушілер үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
Еурохаттама – бұл ЖКО қатысу­шылары арасындағы өзара келісім негізінде оқиғаның барлық мән-жайын тіркейтін құжат. Ол полиция шақыруды қажет етпейтін кішігірім жол апаттары кезінде қолданылады. Қазақстанда бұл рәсім тек келесі жағдайларда қолданылады:
– ЖКО-да адам өлімі немесе ауыр жарақаттар болмауы;
– оқиғаға екі ғана көлік қатысуы;
– қатысушылар кінәні өзара келісім­мен анықтауы;
– материалдық шығынның көлемі сақтан­дыру полисімен өтелетін шек­терде болуы.
Еурохаттама барлық ЖКО үшін қолданылмайды. Егер тараптар ара­сында кінәлі жақты анықтау туралы дау туындаса немесе материалдық шығын көлемі сақтандыру шегінен асып кетсе онда жол полициясын шақыру қажет.
Сонымен қатар, кейбір жүргізушілер Еурохаттама рәсімін дұрыс толтырмауы немесе оны толтырудан бас тартуы мүмкін. Мұндай жағдайларда тарап­тарға жол полициясының қатысуы міндетті.
Еурохаттама – бұл Қазақстандағы ЖКО-ны рәсімдеуді жеңілдететін тиімді құрал. Ол жүргізушілерге уа­қыт пен ресурстарды үнемдеуге мүм­кіндік береді және жолдағы кепте­лістерді азайтуға көмектеседі. Алай­да жүргізушілер Еурохаттама рәсімі­нің талаптарын жақсы түсініп, құжат­тарды дұрыс толтыруы қажет. Бұл жаңа жүйенің тиімді жұмыс істеуі үшін халықты ақпараттандыру және сақтандыру компанияларының белсен­ділігі маңызды.

М.Нүсіпәлі,
аудандық сот әкімшісінің жетекші маманы.

Поделиться ссылкой: