Ботулизмнің алдын алу
32 ViewsБотулизм – жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аупу түрі. Ботулизм – Clostridium botulinum бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген, ластанған тамақтан жұғады, токсин…
Жазушы Шерхан Мұртазаның кез келген шығармасы оқырмандардың сұранысына ие. Осыны ескеріп, біз газетімізде жазушының «Бір кем дүние» атты кітабындағы адамға ой саларлық дүниелерді оқырмандар назарына ұсынған болатынбыз. Ол көпшіліктің көңілінен шықты деп ойлаймыз. Мына «Жарымжан жалған дүние» атты пәлсапалық сөздер Шерағаңның осы кітабындағы соңғы тақырып. Осымен біз «Бір кем дүние» кітабындағы эсселер циклін толығымен тәмамдадық.
Жарымжан жалған дүние
Міне, сарыала күз келіп, кәрі құдаң қыс та таяп қалды.
Әскери мекемелер күзгі маусымда жасы жеткендерді әскер қатарына шақырып жатыр. Біздің тұқымның таразыға тартылар шағы бұл. Оған дейін ірілі-уақты аралас дүниеде сезіле бермейтін кем-кетік осы жерде әшкереленеді.
Әскерге шақырылған жастардың 80 пайызы жарамсыз. Көбісі жарымжан, бойы аласа, ергежейлі ұрпақ өсіп келе жатыр. Салмағы бір тоқтының салмағына да жетпейді.
Кешегі өткен Махамбет батыр-ақын:
– Өтемістен туған он едік,
Онымыз атқа қонғанда,
Жер қайысқан қол едік… –
демеп пе еді?!. Қайда қазір «адырнасын ала өгіздей мөңіреткен, атқан оғы Еділ-Жайықтан тең өткен» ерен ерлер?!
Біздің Айша бибі ауылында кешегі ер Байзақ датқаның ұрпағы, ерен көкпаршы Нәби бауыр жергілікті көкпаршылар командасын құрып, талай жерде жарыстар ұйымдастырып, сайдың тасындай батыр, балуан жастарды тәрбиелеп жүр. Дүниежүзілік олимпиада ойындарының жеңімпазы Мұхтархан Ділдәбек батыр көкпаршылар жарысын бастап, жақсы үлгі көрсетіп, тағы бір ерлік жасап жүр.
Үміттің оты осыларда. Олар аз.
Жақында баспасөз сонау Канададан таза тұқымды бұқалар жеткізілгенін хабарлады. Малдың тұқымын тазартқан жақсы.
Ал азыңқырап бара жатқан адам тұқымын, ұлт генофонын қалай жақсартуға болады? Денсаулық сақтау деген сала осыны ойлай ма? Ойлайтынын білмеймін, айтады. Бірақ дәрменсіз.
Қалай болғанда да мемлекет тұғыры мызғымастай бекем болуы үшін өкімет те, үкімет те, жалпы әлеумет қазіргісін, болашағын ойлап, ұрпақ тазалығын ерекше қолға алғаны абзал болар еді.
Оны ойлап, Отан сүйер әрекет қылатын қайраткерлер қайда?!
Бір кем дүние.
«Кітапты тек зиялы қауым өкілдері оқиды?» деген қатып қалған заңдылық жоқ. Ол – жаңсақ пікір. Біздіңше кез келген адамзат баласы рухани кемелдену үшін ұдайы газет-журнал не болмаса кітапты үзбей оқып тұру керек.
Жасыратын несі бар әлем желінің «айқайлап» тұрған шағында газет-журналдар немесе кітап оқу мәдениетін қалыптастыру қиын да шығар. Бірақ біз бір мәселені ұмытпауымыз қажет. Кітап оқу – адамды кемел ойға жетелейді. Осы пайымның үдесінен шығу жолында жазиралы Жамбыл жерінде облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің бастамасымен игі жоба қолға алынып отыр. Тіпті жақында «Көне Тараз» этно-мәдени кешеніндегі көркемсурет галереясында осы бастаманың «Әулиеата – кітап оқитын өңір» деген тақырыпта ашылу салтанаты өтіп, оған аймақ басшысы Ербол Шырақбайұлы қатысты.
Сол іс-шарада облыс әкімі Ербол Қарашөкеев:
– Өздеріңіздің қолдауларыңызбен облыста 2025 жылы – «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасын ресми түрде жүзеге асыруды бастамақпыз. Сондай-ақ, жобаны іске асыру және кең көлемде насихаттау үшін іс-шаралар жоспары бекітілуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Әдебиет – ойымыздың тереңдігі мен рухымыздың асқақтығын айғақтайтын ұлы қазына» деп бекер айтпағаны белгілі. Яғни, қай кезеңде болмасын әдебиет ұлтты тәрбиелеуші басты құрал болып қала бермек. Біздің басты міндетіміз – жастарды ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрімізге сай тәрбиелеу. Әсіресе, қазіргі жаһандану кезеңінде ұлттық бірегейлігімізді сақтап қалудың маңызы зор деп білеміз. Кітап – адамның зияткерлік дамуының негізгі құрамдас бөлігі. Сондай-ақ, ол басқа ақпарат көздерімен салыстырғанда бәрінен жоғары тұратыны анық. Кітап – адамзат баласының сан ғасырлық ақыл-ойының даму үрдісінің жемісі, өткен тарихы мен өмірлік тағылым-танымының алтын сандығы. Ғабит Мүсірепов: «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың кейінгі ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік», – деуі осыдан. Әр ұлттың, елдің келешегі мен болашағын баян еткен, тарихы мен өткенін жыр еткен де – кітап болатын. Тамырымызды тауып, қадірімізді арттыратын да кітап болмақ. Ендеше, жас ұрпаққа бар білімнің патшасын тек кітаптан ғана таба алатынын жеткізе білейік. Оқырман жастарымыз көбейсін. Еліміздің еңсесін көтерер азаматтарымыз тарихымызды танып, тіліміз бен дінімізді қасиет тұтса екен дейміз. Жан азығын тек кітаптан іздейік! – деді.
Өткен аптада осы жобаны қолдау мақсатында аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Кітап – сарқылмас қазына» деген тақырыпта библио-флешбук өтті. Бұл библио-флэшбукке жерлестеріміз, яғни Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Шырын Мамасерікова, Қазақстан Жазушылар одағы Жамбыл облыстық филиалының өкілі, ақын, облыстық «Ақ жол» газетінің бас редакторы Хамит Есаман, журналист, республикалық «Жас Алаш» газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі Нұрболат Әлдибек, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі Табиғат Абаилдаев арнайы қонақ ретінде шақырылды. Іс-шараның шымылдығын аудан әкімінің орынбасары Қайрат Әбілханұлы сөз сөйлеп, ашып берді. Содан соң мәдени іс-шараға арнайы шақырылған жерлестеріміз, яғни ақындар Шырын Мамасерікова, Хамит Есаман және Табиғат Абаилдаев сахнаға көтеріліп, жалпы еліміздегі кітап оқу мәдениеті мен Әулиеата жерінде қолға алынып отырған игі бастаманың мақсаты мен мүддесі төңірегінде оябы бөлек әңгімелер қозғады.
Шарада аудандық кітапхананың кітапханашылары Айымжан Сәлімжан Хамит Есаманның «Серт», Лаура Молдагуланова Шырын Мамасерікованың «Құланым – атамекенім» Аида Муканалиева Кәріпжан Нүсіптің «Өмірімнің жазы едің», Сандуғаш Егембердиева Қуандық Шолақтың «Өзіңді оқып» өлеңдерін жатқа оқыды. Одан соң аудандық орталық кітапхананың оқырмандары Жансая Тұғылшиева Әдібай Табылдының «Атыңнан айналайын – Тәуелсіздік!», Жұлдыз Бейсенбай Совет Әлімқұловтың «Бала ерлігі», Нұрсана Әбілқасым Хамит Есаманның «Бақыт», Айнұр Нұрбек Табиғат Абаилдаевтың «Армандарым кетерде жарға құлап…» деген өлеңдерін нақышына келтіре оқып, залда отырған кітапсүйер көрерменнің зор ықыластарына кенелді.
Марат Диханбай.