Өлеңі – өмірі
29 ViewsАстанадан, облыс орталығынан шалғай ауылда тұрап-ақ, адам баласының рухани күшінің қайыспас қайсарлығын танытып, күйкі тірліктің шаңына көмілмей, көкірегінде тулап жатқан шалқар ойды өлеңмен өрнектеп…
Жамбыл облысында Қырым-Конго геморрагиялық қызбасы бойынша эпизоотологиялық жағдай бірнеше жылдан бері күрделі болып отыр. Себебі жыл сайын Қырым-Конго геморрагиялық қызбасының қоздырғыштарын таратушы иксод кенелерінің көбеюі жалғасуда. Бүгінгі күні Жамбыл облысының аумағында иксод кенелері ареалдарының шекаралары кеңеюде. Осыған байланысты көршілес аумақтарға кене инфекциялары қоздырғыштарының ену қаупі туындайды. Жамбыл облысы бойынша иксод кенелерінің фаунасының бүгінгі күнде бірнеше түрі бар. Кенелердің бұл түрлері адамның көптеген трансмиссивті табиғи ошақтық індетінің және жануарлардың қан-паразиттік ауруларының қоздырғыштарын таратады.
Соңғы уақытта елді мекендерде зақымданған кенелердің адамдарды шағу санының өсуі көбейді. Ағымдағы жылы елді мекен айналасында қыстың жылы болуы салдарынан алғашқы белсенді ересек кенелер қаңтар айында шықты. Сол себепті кенелер саны арта бастады. Адамдар үшін әсіресе кенелердің ересек түрлері – аталықтары мен аналықтары өте қауіпті. Олар көктем-жаз айларында елді мекендер маңында және тығыз өсімдіктері бар демалыс аймақтарында көптеп кездеседі.
Елді мекендердің айналасына шыққан жағдайда капюшоны бар қорғаныс киімдерін кию қажет. Сонымен қатар кенелерден сақтану үшін оның жоғарғы бөлігі міндетті түрде шалбарға, ал шалбардың балағы шұлыққа салынады. Кене шаққан жағдайда дереу жақын маңдағы медициналық мекемеге хабарласу керек.
Кенелердің әрбір түрлерінің биологиялық ерекшеліктерін (жұмыртқа салу, баланқұрттың шығуы, дернәсілдер, ересектер) ескере отырып, кенелерге қарсы іс-шаралар жүргізу иксод кенелері санының азаюына әсер етеді. Алдын алу іс-шаралары медициналық, ветеринариялық қызметтерді, шаруашылық және атқарушы органдарды тарта отырып, кешенді түрде жүзеге асырылуы тиіс.
А.Тлепов,
«Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты»
Жамбыл облысы филиалының меңгерушісі.
Х.Аубакиров, аға ғылыми қызметкері.