Ботулизмнің алдын алу
32 ViewsБотулизм – жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аупу түрі. Ботулизм – Clostridium botulinum бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген, ластанған тамақтан жұғады, токсин…
Т.Рысқұлов аудандық Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау жөнінде конкурс туралы ХАБАРЛАМА
Т.Рысқұлов аудандық мәслихаты Қазақстан Республикасының 2015 жылдың 2 қарашасындағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының талаптарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы №69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік Ереженің негізінде Т.Рысқұлов аудандық Қоғамдық кеңесінің (бұдан әрі – Қоғамдық кеңес) мүшелерін сайлау жөнінде конкурс өткізілетіндігін хабарлайды.
Қоғамдық кеңестің сандық құрамы 15 (он бес) адамнан, оның ішінде 5 (бес ) адам мемлекеттік органның және 10 (он) адам коммерциялық емес ұйымдар өкілдері мен азаматтардың қатарынан тұрады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері Қоғамдық кеңес мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін он жұмыс күні ішінде хабарландыруда көрсетілген мынадай құжаттарды қолма-қол береді немесе Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының электрондық мекенжайына:
1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысын және (немесе) азаматтың өтінішін;
2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;
4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;
5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісімді жібереді.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген анықтамаларды өз бетінше немесе өзінің қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылатын мемлекеттік органның немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің көрсетілген анықтамаларды ақпараттық жүйелерден талап етіп алдыруына жазбаша келісуі арқылы ұсынады.
Құжаттарды қабылдау мекенжайы және уақыты:
Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Жібек жолы көшесі 75, №101 бөлме, байланыс телефоны 8/726/31-2-12-23.
Электрондық мекенжай: masl.t.ryskulova @ mail.ru
Жұмыс уақыты: сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, үзіліс: 13:00-ден 14:30-ға дейін.
Жұмыс тобының басшысы Қ.Бижанов.
Өтініш үлгісі
Қоғамдық Кеңесінің құрамына кандидатураны ұсыну туралы ӨТІНІШ
Кімге _____________________
(жергілікті өкілді органның атауы)
__________________________
тұратын (елді мекен, көше, үй, пәтер)
кімнен_________________
__________________________
(өтініш берушінің аты, жөні,тегі (бар болған жағдайда),
жеке куәлік № ____, берілді (қашан, кім)
ЖСН
Мен, __________________________________________________________,
(тегі, аты, әкесінің аты)
______________________ Қоғамдық кеңесінің құрамына өз кандидатурамды ұсынамын.
Осы өтінішпен мен «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) ережелерімен танысқанымды растаймын және оның талаптарын сақтауға міндеттенемін.
Заңның 10-бабының талаптарына сәйкестікті растаймын.
Мен мынадай құжаттарды қоса беремін:
1) жеке куәлік;
2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;
4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;
5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісімі.
20___ жылғы «__»___________ Өтініш берушінің қолы ___________
ОБЪЯВЛЕНИЕ о конкурсе по избранию членов Общественного совета района Т.Рыскулова
В соответствии с требованиями Закона Республики Казахстан «Об общественных советах» от 2 ноября 2015 года, на основании Типового положения об Общественном совете, утвержденного приказом Министра информации и общественного развития Республики Казахстан от 26 февраля 2021 года № 69 (далее – Типовое положение) маслихат района Т.Рыскулова сообщает о проведении конкурса по избранию членов Общественного совета района Т.Рыскулова (далее – Общественный совет).
Количественный состав Общественного совета составляет 15 (пятнадцать ) человек, из них 5 (пять) человек – представители государственных органов, 10 (десять) человек – представители некоммерческих организаций и граждан.
Граждане, представители некоммерческих организаций, желающие принять участие в конкурсе в течение десяти рабочих дней после даты опубликования объявления о проведении конкурса по отбору членов Общественного совета подают нарочно или направляют на электронный адрес маслихата района Т.Рыскулова следующие документы:
1) письменное предложение некоммерческой организации и (или) заявление гражданина о выдвижении кандидатуры в состав Общественного совета;
2) сведения о профессиональной и (или) общественной деятельности кандидата с указанием автобиографических данных;
3) справка о наличии либо отсутствии судимости;
4) справка о наличии либо отсутствии психических, поведенческих расстройств (заболеваний), в том числе связанных с употреблением психоактивных веществ;
5) согласие на сбор, обработку, распространение и публикацию персональных данных кандидата.
Кандидат в члены Общественного совета представляет справки, предусмотренные подпунктами 3) и 4) части первой настоящего пункта, самостоятельно или посредством письменного согласия на истребование указанных справок государственным органом или субъектом квазигосударственного сектора, с участием которого образуется Общественный совет, из информационных систем.
Адрес и время приема документа:
Район Т.Рыскулова, село Кулан, улица Жибек жолы 75,
кабинет №101, контакный телефон: 8 (72631) 2-12-23,
электронный адрес: masl.t.ryskulova @ mail.ru
Рабочее время – с 9.00 до 18.30, перерыв – с 13.00 до 14.30.
Руководитель рабочей группы К.Бижанов.
Образец заявления
Кому _______________________
(наименование местного
представительного органа)
от______________________________
_________________________________
(Фамилия, имя, отчество (при наличии)
заявителя, ИИН, удостоверение
личности № ____, выдано (когда, кем))
проживающего (ей): ___________
(населенный пункт, улица, дом, квартира)
ЗАЯВЛЕНИЕ о выдвижении кандидатуры в состав Общественного Совета
Я, __________________________________________________________,
(фамилия, имя, отчество)
выдвигаю свою кандидатуру в состав Общественного совета_____________________.
Настоящим заявлением подтверждаю, что я ознакомлен с положениями Закона Республики Казахстан от 2 ноября 2015 года «Об общественных советах» (далее — Закон) и обязуюсь соблюдать его требования.
Соответствие требованиям статьи 10 Закона подтверждаю.
Прилагаю следующие документы:
1) удостоверение личности;
2) сведения о профессиональной и (или) общественной деятельности кандидата с указанием автобиографических данных;
3) справка о наличии либо отсутствии судимости;
4) справка о наличии либо отсутствии психических, поведенческих расстройств (заболеваний), в том числе связанных с употреблением психоактивных веществ;
5) согласие на сбор, обработку, распространение и публикацию персональных данных кандидата.
«____» ____________20___ года. Подпись заявителя _______________
Құлан ауылы 15 қаңтар, 2025 жыл
Т.Рысқұлов ауданының Қоғамдық кеңесін
қалыптастыру жөніндегі жұмысшы топ
Ш Е Ш І М І
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекілген «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ереженің» 17 тармағына сәйкес, Т.Рысқұлов ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмысшы топ ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Т.Рысқұлов ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмысшы топ төмендегі құрамда құрылсын:
Жұмысшы топ төрағасы:
1.Бижанов Кожайхан Казыбаевич – зейнеткер, аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы.
Жұмысшы топ мүшелері:
2. Бектенбай Аскар – зейнеткер.
3.Таттыхожаев Талғат Сайлауович – аудандық мәслихат депутаты, «Азия газ құбыры» мекемесінде күзет бастығы.
4. Маткеримов Жексенби – зейнеткер.
5. Бабасов Бердихан Орынбасарович – М.Төлебаев атындағы балалар мектебінің директоры.
6. Амреев Асқар Әміреұлы – Т.Рысқұлов аудандық мәслихат аппаратының басшысы.
7. Құралбаев Ернар Сабитбекұлы – Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппарат басшысы.