Жаңа фельдшерлік- амбулаториялық пункт ашылды

53 Views

Рахым Сәбденов ауылында жаңа фельдшерлік-амбулаториялық пункттің ашылуы – жергілікті тұрғындар үшін үлкен қуаныш.

Нысан 15 келушіге арналған. Жобаның жалпы құны 298 миллион теңгені құрайды. Оның құры­лысын «Сидикап групп» жауапкершілігі шектеулі серік­тестігі жүзеге асырған. Аталмыш емдеу мекеме­сінің салтанатты ашылуына аудан әкімі Ернар Есіркепов қатысып, ауыл халқына құттықтау сөзін жеткізді.
Аудан басшысы Ернар Серікәліұлы құттықтау сөзінен кейін емдеу мекемесінің аға дәрігері Фатима Тілеужановаға жаңа компьютер жабдық­тарын сыйлап, тұрғындардың денсаулығын жақ­сар­туға бағытталған мұндай жобалардың саны алдағы уақытта тағы арта түсетінін айтып, ауыл­дық жерлердің инфрақұрылымын жақсарту бағы­тында үлкен күш салатынын сөз етті. Ал мердігер компания өкілі Амангелді Елеусінов болса, мекеме басшылығына фельдшерлік-амбулаториялық пункт­тің символикалық кілтін ресми түрде табыс­тады.
Құттықтау, марапаттау, табыстау рәсімдерінен ке­йін жиынға қатысушылар жаңа ғимараттың лента­сын аудан әкімі Ернар Есіркепов, аудандық мәслихат төрағасы Ербол Әбутәліпов және Ақбұлақ ауылдық ардагерлер кеңесінің мүшесі Алтынбек Жайлыбаев салтанатты түрде қиды. Айта кету керек, бұл – соңғы жылдары аудан тұрғын­дарына берілген бесінші емдеу мекемесі. Сондай-ақ, бірнеше ай бұрын осы ауылда спорт кешені ашылған болатын. Мұның барлығы ауыл­дықтардың тұрмыс сапасын жақсартып, олардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған нақты қадам­дар. Осыны ескерген ауыл жұртшылығының қуанышында шек жоқ.
Денсаулық – басты байлық. Бүгінде ауданы­мызда 35 медициналық мекеме жұмыс істейді. Олар­дың материалдық-техникалық базасы 92 пайызға жаңартылған. Өткен жылы Қайыңды мен Қорағатыда жаңа нысандар ашылса, ал 2027 жыл­ға дейін тағы осындай 5 медициналық пункт салу жоспарда бар.

Жәнібек СҰЛТАН.

Поделиться ссылкой: