23 маусым – Қазақстан полициясы күні
49 ViewsАудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі полиция инспекторы, полиция капитаны Гүлжан Ниязқұлова біздің газетке мақалалар жазып тұрады. Әрдайым еселі еңбек етіп, халыққа қалтқысыз…
Жуырда Р.Сәбденов ауылында сағатына 3000 литр минералды ауыз су шығаратын зауыт іске қосылған болатын. Бүгінгі күнде минералды су «BAI TAL» атауымен нарыққа да шығып үлгерді. Осыған орай, өткен сәрсенбіде аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында «Bai tal» өнімі жергілікті кәсіпкерлерге таныстырылып, өнімді өткеру, оны кең көлемде жарнамалау мақсатында кездесу өткізілді.
Жиында сөз алған аудан басшысы Ернар Есіркепов кәсіпкерлік саласында жақсы нәтижелер бар екендігін айта келе, алдағы уақытта жүзеге асырылатын ауқымды жобаларды бірлесе жүзеге асыруға шақырды.
Сондай-ақ, кездесу барысында аудан әкімі өңірге инвестиция тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту жөнінде сөз қозғап, кәсіпкерлермен еркін форматта пікір алмасты.
Ж.Сұлтан.