Құнсыз адам
21 ViewsАбдырап қалған Лоуренс қатты састы, не айтарын білмей қипақтады. Оның тілін жұлып алып ішін жарып қараса да бұл сұрақтың жауабын таба алмайтындығын аңғарған Джонсон…
Ауданда білім саласындағы өзекті мәселелерді талқылау мақсатында кеңейтілген алқа мәжілісі өтті. Отырысқа аудан әкімі Ернар Есіркепов, аудандық мәслихат төрағасы Ербол Әбутәліпов, аудандық білім бөлімінің басшысы Мұратбек Сванов және мектеп директорлары қатысты.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша аудандық білім сапасының жалпы көрсеткіші 67,2%-ды құраған. Түлектердің 48,4%-ы мемлекеттік грант иеленсе, 227 оқушы түрлі жарыстардың жеңімпазы атанып, 324 оқушы шығармашылық байқаулардан жүлделі оралған. Сала басшысы Мұратбек Свановтың сөзіне сенсек, бұл көрсеткіштер жыл сайын жақсарып келеді екен. Дегенмен, аталмыш салада кездесетін кемшін тұстар да жоқ емес, бар. Аудан әкімі Ернар Есіркепов солардың бірқатарына тоқталып өтті.
Сондай-ақ, аудан әкімі өңірдегі барлық мектептің ішкі тәртібі талапқа сай болу керектігін, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында жұмыла жұмыс істеу қажеттігін алға тартты. Жасыратын несі бар? Соңғы кездері ауданда балалар арасындағы қылмыс оқиғалары жиілеп кеткен. Аудан әкімінің пікірінше, бұл статистиканы жақсарту үшін тек түнгі рейдтермен, мекеме арасында хат жолдаумен шектелу дұрыс емес. Батыл қадамдар жасай отырып, ұстаздардың біліктілігін көтеру және ата-аналармен де дұрыс диалог орнатуы – аса маңызды екенін айтты.
Мәжілісте білім саласындағы өзге де мәселелер жан-жақты талқыланды. Олардың қатарында білім нысандарын күрделі жөндеу қажеттілігі де айтылды. Аудан әкімі бұл бағыттағы жұмысты жандандыру, жыл сайын жөндеуден өтетін мектептер санын көбейту үшін басқарма басшылығымен тығыз байланыс орнатуды өз орынбасарлары Қайрат Исмайл мен Бауыржан Есеевке тапсырды. Сондай-ақ, жиында асханасы мен спорт залы жоқ мектептердің, Әлия Молдағұлова атындағы лагерьдің мәселесі де жан-жақты талқыланып, шешу жолдары пысықталды.
Мәжіліс қорытындысы бойынша бірнеше мектептің басшыларына ескерту беріліп, жұмысты жақсарту бойынша нақты тапсырмалар жүктелді.
Жәнібек Базылбек.