Ата-аналар мектеп ауласына ағаштар екті
27 ViewsӨткен сәрсенбіде №6 мектеп-гимназиясында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Бір отбасы – бір тал» деген тақырыпта іс-шара өтті. Бұл шараға аудан әкімінің орынбасары Бақкелді…
Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жаза күшейтілді. Әкімшілік кодекске енгізілген өзгерістер осы айдан бастап күшіне енді. Бұдан былай отбасыдағы кикілжіңге байланысты шақыртылған полиция қызметкерлері әйелін немесе баласын ұрған азаматтарды арыз шағымсыз-ақ жазаға тарта алады. Өйткені көп жағдайда полиция қызметкерлері шақыртуға барған кезде отбасы мүшелері татуласып, жәбірленуші арыз жазудан бас тартып жатады. Ал тәртіп сақшылары кеткен бойда жанжал қайта жанданып, жағдай тіпті ушығып кеткен фактілер көп. Сондықтан полицейлер енді шақыртуға барған жағдайда өздері құқықтық баға беріп, агрессорды бөлімшеге алып кете алады. Жазаны сот тағайындайды.
Сотта құқық бұзушының жәбірленушімен татуласуға мүмкіндігі бар. Бірақ соңғы өзгертулер бойынша тек бір рет қана татуласа алады. Яғни отбасылық жанжал жасаған дебошир бірінші рет жәбірленушімен татуласса, бұл әрекеттері келесі қайталанғанда сот оларды татуластыруға енді заң бойынша құқығы жоқ.
2023 жылдың 1 шілдесінен бастап полиция өтініш берушіден тұрмыстық құқық бұзушылықтарды тіркеудің анықтау сипатына көшті. Жаңа түзетулер жәбірленушілердің өтінішінсіз әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға мүмкіндік береді.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасау фактісі бойынша хаттама жасау үшін қазір куәгерлердің, көршілердің айғақтары, бейнебақылау камералары мен бейнетіркегіштің жазбалары жеткілікті. Соңғы шешімді сот қабылдайды.
Тараптарды қайта татуластыру мүмкіндігі алынып тасталады. Бұған дейін тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы материалдардың жартысы татуласу үшін сотта тоқтатылған болатын. Бұл агрессордың немесе туыстарының сендіруі немесе қысымы нәтижесінде пайда болды.
2024 жылдың 1 шілдесінен бастап сотта тек бір рет татуласуға болады. Бұл зардап шеккендерге психологиялық қысым жасауды тоқтатуға мүмкіндік береді.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік күшейтілді. Әкімшілік қамауға алудың нақты мерзімдері анықталды.
Ағымдағы жылдың қаңтар айының 15-і мен 21-і аралығында аудан аумағында «Тұрмыс» атты республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Мемлекет басшысы 2023 жылдың 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы ІІМ алқасында учаскелік полиция инспекторлары жұмысының тиімділігін арттыруға баса назар аудара отырып, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуды кешенді қайта форматтау жөнінде шаралар қабылдау туралы тапсырма берді.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңы 2024 жылғы 15 сәуірдегі №72-VIII ҚРЗ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Яғни ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінде көрсетілген 73-1 (денсаулыққа қасақана жеңіл дәрежедегі зиян келтіру), 73-2 (ұрып соғу) баптарында көрсетілген құқық бұзушылық деректері, ҚР Қылмыстық Кодексіндегі 108-1-бабы «Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру» және 109-1-бабы «Ұрып-соғу» баптарымен жауапкершілік қарастырылуда.
С.Сихымбаев,
аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция майоры.