Ботулизмнің алдын алу
32 ViewsБотулизм – жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аупу түрі. Ботулизм – Clostridium botulinum бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген, ластанған тамақтан жұғады, токсин…
Жылдамдықты ұлғайту және көлік ағынының козғалыс қарқындылығы жол-көлік апатының туындауына, едәуір материалдың шығыны және адам өліміне әкеп соқтырады. Автокөліктердін пайдалану тиімділігін арттыру оның қауіпсіздік жағдайын қамтамасыз етуге тікелей байланысты. Автокөліктерді пайдаланудағы қауіпсіздікті арттырудың ең маңызды элементтерінің бірі – оның өртке қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Автокөліктерде болған өрттердің салдары ауыр апаттарға, адам өлімі мен техникалардың істен шығуына әкеліп соғады. Сондықтан автокөліктерде өрт қауіпсіздігі жағдайын арттыру мақсатында оларды алғашқы өрт сөндіру кұралдарымен жабдықтау қажет.
Көліктерді апаттардан және өрттерден сақтау мақсатында төмендегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтағандарыңыз жөн:
– автокөліктердің механизмдері мен тораптардың дұрыс істеуін қадағалаңыз;
– аккумуляторларды тура көлік құралдарына, сондай-ақ, осы мақсатқа икемделген үй-жайларда қуаттауға тыйым салынады;
– гараж бөлмесін жылытуға, жарықтандыруға және көлік қозғалтқыштарын қыздыруға ашық от көздерін (от, жалын, қыздыру лампалары), сонымен қатар қолдан жасалған электр жылытқыштарын пайдаланбаңыздар;
– гараж бөлмесінде жанатын материалдардан жасалынған үй жиһаздары мен бұйымдарын және жанатын сұйықтықтар мен тез тұтанатын сұйықтықтарды сақтамаңыздар;
– гараж бөлмесінде темекі шекпеңіздер;
– автокөліктерде болған өрттерді талдау нәтижесінде өрттердің шығуының басты себебі – автомобильдердің электр тізбектеріндегі қысқа тұйықталулар салдарынан болғандығы анықталды. Егер де автокөлік тетіктерінің ақаулары байқалған жағдайда оны тез арада жөндеу керек.
ҚОЗҒАЛЫС КЕЗІНДЕ АВТОКӨЛІК ЖАНҒАН КЕЗДЕ, КЕЛЕСІ ӘРЕКЕТТЕРДІ ІСТЕУ ҚАЖЕТ:
– автокөлікті тоқтатыныз;
– қозғалтқышты өшіріңіз;
– барлық жолаушыларды шығарыңыз.
– егер от кішігірім болса, автокөліктегі өрт сөндіргішті пайдаланып, отты сөндіруге тырысыңыз;
– капоттың құлпын босатыңыз, бірақ капотты ашпаңыз;
– қозғалтқыш бөлігіндегі өртті сөндіру кезінде суды қолданбаңыз. Себебі бұл электр сымдардың қысқа тұйықталуына немесе жанып жатқан бензиннің таралуына жол беріп, жану көлемін ұлғайтуы мүмкін;
– егер жақын арада автокөлік жана бастаса мүмкіндігінше өзіңіздің көлігіңізді қауіпсіз жерге апарыңыз;
– «101» немесе «112» телефон нөмірлері арқылы өртке қарсы қызметін шақырыңыз.
Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі
мен №10 өрт сөндіру бөлімі.