Кезекті аппараттық кеңес өтті
52 ViewsКеше аудан әкімі Ернар Есіркеповтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте «Жасыл белдеу» бағдарламасының іске асырылу барысы пысықталды. Соңғы екі жылда аудан аумағында 22,5 гектар жерге…
Апта басында аудан әкімі Ернар Есіркеповтің төрағалығымен өткен еркін форматтағы кеңесте тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған маңызды мәселелер қаралды. Кеңеске ауыл әкімдері мен бөлім басшылары және облыстық басқармаларға бағынысты мекемелердің басшылары мен өкілдері қатысты. Жиында тұрғындарға жайлы орта қалыптастыру үшін темір жол өткелдеріндегі жағдайды жақсарту, әскерге шақыру науқанын сапалы өткізу және тегін медициналық көмекке қолжетімділікті арттыру жолдары талқыланды. Сондай-ақ, орман шаруашылығының тиімділігі мен егістікті зиянды жәндіктерден, тал-дарақтарды түрлі экологиялық аурулардан қорғау мәселелеріне де ерекше назар аударылды. Сонымен қатар ағын су мөлшерін молайту, оны тиімді пайдалану, салық талаптарының орындалуын бақылау және төтенше жағдай қызметінің жұмысы талқыға салынды. Әр мәселе бойынша нақты шешімдер қабылданып, тиісті сала басшыларына тапсырмалар берілді. Айта кету керек, бұл кеңесте айтылған бастамалар аудан тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға бағытталады.
Жәнібек БАЗЫЛБЕК.