Экосананы қалыптастыру – маңызды міндет

251 Views

Сейсенбі күні Құлан агротехни-калық жоғары колледжінде аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен маңызды кездесу өтті. Бұл шараның басты мақсаты – жастар бойында экологиялық мәде­ниет­ті қалыптастыру, табиғатты қорғауға де­ген жауапкершілікті арттыру. Кездесуге құрметті қонақ ретінде түрлі салада еңбек еткен ардагер Серікбай Өтегенов шақырылып, өз өмірлік тәжірбиесімен бөлісті. Ақсақал жастарға табиғатты аялаудың маңыздылығын түсіндіріп, құнды ақыл-кеңестерін айтты. Ал «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Ерболат Жәдік жастардың «Таза Қазақстан» акция­сы аясында атқарған игі істерін баян­дап, қоршаған ортаны қорғаудағы белсенділіктерін ерекше атап өтті. Айта кету керек, өт­кен жылы жастардың және «Жа­сыл ел» жасағының қатысуы­мен көп­теген сенбіліктер, экоакциялар ұйым­дас­тырылған. Ал колледж басшы­лығы­ның бастамасымен былтыр аулада білімгерлерге арналған шағын аллея ашылған. Экологиялық сана – жарқын болашақ кепілі! Осындай кездесулер жас ұрпақтың табиғатқа деген сүйіс­пен­шілігін арттырып, оларды игі бастамаларға жұмылдыратыны сөзсіз.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: