Тұрмыстық газды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелері

258 Views

Тұрмыстық газ (пропан) – өрт немесе жарылыстың пайда болуына маңызды қауіп-қатер тудыратыны барлығымызға мәлім. Газды қолданумен байланысты өрт­тердің баршасы баллондарды немесе газ плиталарды дұрыс емес пай­­да­ланғандықтан туындайды. Сон­дықтан пәтерлерде газ плиталар мен баллон­дарды дұрыс пайдалану үшін жауап­кершілік үй иелеріне жүктеледі. Газ баллондарын орнату және газ плита­­ларды пайдалану кезінде өрт қауіп­­сіздігінің мына ережелерін қатаң сақтау керек. Газ баллонын сатып алғанның өзінде, газ баллоны кла­панының өткіз­беу­шілігі мен тығыз­дауыш резеңке сақинасының жағдайы тек­серілуі керек. Сондай-ақ, газ баллоны­ның пісірілген жерлерінің тұтастығын көзбен шолып тексеру керек. Газ баллонына плита редукторын орнатқаннан кейін редуктор клапанын ашу қажет. Сонымен бірге плитаның шүмектері жабық қалпында болуы тиіс. Осыдан кейін сабынның көпіршігі көмегімен газ баллоны мен плитаның резеңке майтүтігі жалғасқан жерде редуктордың өткізбеушілігін (герме­тикалығын) тексеру керек. Жал­ғасқан жерде саңылаулар болса, сабынды көбікте көпіршіктер пайда болады. Осы жағдайда редуктордың жағдайын тексеріп, баллонның тығыздағыш резеңке сақинасының тұтас­тығына тағы бір рет көз жеткізу қажет. Кез келген жағдайда жалғасқан жерлерде өткізушілік болғанда газ плитасымен қолдануға тыйым салы­на­ды. Сондай-ақ, резеңке түтіктің тұтас­ты­ғын көзбен шолып тексеру қажет. Редук­тордың өткізбеушілігін тексеру үшін ашық отты қолдануға үзілді-кесіл­ді тыйым салынады. Дәл осылай газ плитасындағы газ түтіктерінің өткіз­беушілігін кей-кейде тексеру қажет.
Газ плитасымен қолданған кезде:
– жалғасқан жерлердің өткізбеу­ші­лігін тексерусіз газ плитасымен қолда­нуға;
– газ плитасын қараусыз қалдыр­ма­ңыз;
– балаларға плитамен қолдануға жол бермеңіздер;
– плитада жанғыш сұйықтықтарды жылытуға тыйым салынады.
Егер Сіз болмай қалғанда, плитадағы от сөніп қалса, сақ болыңыз, темірпеш қақпағында тағамның қайнағандығынан газ баллоннан бөлмеге шығып кетуі мүмкін екендігін есте сақтаңыздар. Бөлмеде газды-ауалы қоспа пайда болуы мүмкін, осы жағдайда кез келген от немесе ұшқын өртке әкеп соқтыруы мүмкін. Газ баллонының тұтануы пайда болған кезде тыныштық сақтау керек және газ баллонының жары­лысы тек баллонға сырттан түс­кен жоғары температура әсерінен ғана болуы мүмкін екендігін есте сақта­ңыздар. Тұтануды өшіру үшін баллонды дымқыл матамен нықтап жабу керек. Тап осы жағдайда баллонды сумен сөндіру ешқандай нәтиже бермеуі мүмкін. Егер баллонды өшіре алмасаңыздар, онда багордын немесе сол сияқты заттың көмегімен жанып жатқан баллонды пәтерден шығару керек. 101 телефоны бойынша өрт қызметін шақыру қажет. Тұрмыстық газды дұрыс емес пайдалану өрттерге, күйіктерге және т.б. салдарларға әкеп соқтыруы мүмкін екендігін естеріңізге саламыз. Өзіңізді өрттің қауіп-қате­рі­не душар етпеңіз. Әрдайым өрт қауіпсіздігінің ережелерін сақтаңыздар.
Төтенше жағдай кезінде 101 немесе 112 телефон нөмірлеріне хабарласы­ңыздар.

Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі.

Поделиться ссылкой: