Кезекті аппараттық кеңес өтті
24 ViewsКеше аудан әкімі Ернар Есіркеповтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте «Жасыл белдеу» бағдарламасының іске асырылу барысы пысықталды. Соңғы екі жылда аудан аумағында 22,5 гектар жерге…
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІНІҢ ӘСКЕРИ ОҚУ ОРЫНДАРЫНА 2025 ЖЫЛҒА ТАЛАПКЕРЛЕРДІ ҚАБЫЛДАУ ТӘРТІПТЕРІ
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 12 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» №561-lV Заңының 39 бабына сәйкес, азаматтар Әскери оқу орындарына оқуға түсе алады.
Әскери оқу орындары – барлық саладағы әскери мамандарды даярлайтын орта және жоғары арнаулы әскери білім беретін оқу орындары. Негізгі міндеттері: Қарулы Күштерге қажетті командирлер, тәрбиешілер мен әлеуметтік-құқық саласының қызметшілері, инженер-техниктер және т.б. арнаулы мамандар даярлау, олардың біліктілігін арттырып, әскери білімдерін, дайындықтарын жетілдіру. Әскери оқу орындарының тыңдаушылары әскери басшылық саласына маманданған, жалпы тактика, арнаулы әскер түрлерінің тактикасын т.б. оқып үйренеді. Оларда әскери-техникалық даярлыққа (қару мен әскери техниканы меңгеруге) да үлкен маңыз беріледі. Сондай-ақ, Әскери оқу орындарында қоғамдық ғылымдарды да терең оқытып үйретеді. Әскери педагогика мен әскери психологияны, әскердегі саяси-ұйымдастырушылық жұмыстар әдістемелерін оқып зерттейді.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына үміткерлерді уақтылы және сапалы жасақтау үшін әскери оқу орындарына түсетін 17-18 жасқа толған азаматтар Т.Рысқұлов ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының атына 30 сәуірге дейін өтініш жазуы керек.
Кешенді тестілеуді (КТ) тапсыратын үміткерлер тұрғылықты мекенжай бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына наурыз айынан бастап тіркеуге тұру керек. Себебі тестілеуге бір ай қалғанда қабылданбайды.
Жоғары әскери оқу орындарының мекенжайлары:
– ҚР ҚМ Құрлық әскерлері әскери институты, Алматы қаласы;
– Екі дүркін Совет одағының батыры Т.Я.Бигелдинов атындағы ҚР ҚМ Әуе Қорғаныс күштері әскери институты, Ақтөбе қаласы;
– ҚР ҚМ Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты, Алматы қаласы;
– Ш.Уәлиханов атындағы ҚР ҚМ Кадет корпусы, Щучинск қаласы.
– «Н.Назарбаев атындағы білім қоры» мамандандырылған «Арыстан» лицейі.
Сонымен қатар ер азаматтар және қыздарда шетел мемлекеттерінің әскери оқу орындарына (ӘОО-на) түсу үшін ниет білдіре алады.
– С.М.Киров атындағы Әскери-медициналық академиясы (Санкт-Петербург қ.);
– Ереван мемлекеттік медициналық университет (әскери-медициналық факультет Ереван қ.) және де басқа шетел мемлекетінде әскери оқу орындарына түсу үшін құжаттар тізбесін және толық ақпаратты Т.Рысқұлов ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінен алуға болады.
Мекенжай: Құлан ауылы, Жібек жолы көшесі 126 үй. Тел: 2-14-81, 2-13-53.
Тұрар Рысқұлов аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлім.