Жыл өткен сайын сайлаушылардың белсенділігі артып келеді

88 Views

Ақпан айының бірінші бейсенбісі – Дүниежүзілік сайлау күні. Осыған орай, аудан аумағында бірқатар іс-шаралар легі ұйымдастырылды. Оны газеттің осы санынан оқи аласыздар.

2025 жылғы 5 ақпанда Дүниежүзілік сайлау күніне орай аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі мен Т.Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен аудандық Мэлс Өзбеков атындағы мәдениет үйінде аталған ұжы­мның қызметкерлері мен аудандағы бел­сенді жастармен арнайы кездесу өтті.
Аталған кездесуге аудан әкімінің орын­басары, мүдделі мемлекеттік орган­дардың басшылары, аудандық мәсли­хат депутаттары, ардагерлер кеңесінің төрағасы, саяси партия мен БАҚ өкілдері және аудандық аумақтық сай­лау комиссиясының мүшелері қа­тысты. Кездесу барысында комиссия төр­ағасы М.Тлепов «Қазақстан Респуб­­лика­­сы­ның сайлау жүйесіндегі реформалар» туралы баяндама жасады.
Аталған кездесуде комиссия төр­аға­сының орынбасары Н.Көпбаев «Қа­зақстан Республикасының сайлау жүйе­сі» тақырыбында баяндап өтті.
Сонымен қатар аудандық мәслихат депутаты М.Мейманханов та сөз сөйлеп, сайлау ха­лық­тың билікке деген сенімінің және аза­мат­тық қоғам деңгейінің көрсеткіші екен­дігін тілге тиек етті. Сондай-ақ, ол өз сөзінде еліміздегі сай­лау өткізу әдісі қоғам сұранысына сай бейім­деліп жатқанын, ендігі кезекте сайлау­шылардың белсенділігін, сайлау мәде­ниетін арттыру бағытындағы жұмыс­тарға басымдық беру қажеттігін атап өтті.
Кездесуді қорытындылай келе, ко­мис­­сия төрағасы М.Тлепов қатысу­шы­ларға Дүниежүзілік сайлау күнінің шығу тарихы мен мәні туралы егжей-тег­жейлі түсіндірді. Жастар тарапынан қойыл­ған сұрақтарға қолданыстағы заң талаптары негізінде тиісті жауаптарын берді. Кеше бекітілген жоспарға сәйкес дәл осы мазмұндағы іс-шаралар тізбегі Абай орта мектебінде және Құлан агротехникалық жоғары колледжінде де өтті.

М.Тлепов,
Т.Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы.

Поделиться ссылкой: