Адал еңбек әрқашанда мақтанышқа айналады
Журналист Дархан Әбдік «Жетісу» телеарнасындағы «Қателік « деген бағдарламада «Бізде аздап сауаты бардың барлығы Абай секілді сөйлегісі келеді» деген пікір айтқан болатын. Орынды пікір. Себебі, расыменде қазір әлеужеліні ашып қалсаң, көбісі «данышпан». Біреуді сөге жамандағанда алдыларына жан салмайды. Бүгінгі біздің кейіпкеріміз Айсұлу Төлегенқызы жаңағы біз келтірген пікірге мүлде қарама-қайшы адам. Яғни ол – адал, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын қарапайым ғана жұмысшы қызметкер. Сізде енді «Бұл кісі қай жерде қызмет етеді?» деген сауал туындауы мүмкін ғой. Біз оны да айтайық. Айсұлу Төлегенқызы «Қазпошта» акционерлік қоғамының Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов аудандық байланыс торабы бөлімшесінің хатшысы (почтальон) болып еңбек етеді. Жасы 59-да. Осы жұмыста еңбек етіп келе жатқанына 7 жыл болыпты. Бізбен өрбіген әңгімесінде ол кісі «Ақша ешкімге жеткен емес және жетпейді да. «Жұтаған шүкірге тоймайды» деп үлкендер айтып жатушы еді бұрындары. Жасымыз егде тартқан сайын осы сөздің қадірін түсіне бастағандаймыз» деді.
Мінеки, арамызда да өз жұмысын жақсы көретін, ешкімді сөге жамандамайтын, адал жүріп, анық басатын Айсұлу сынды әпкелеріміз бар. Осындай еңбек адамдарының қоғамдағы қадірі арта түскенін мына бізде қалаймыз.
Марат ДИХАНБАЙ.
