Командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті
Ақпан айының 6-сы мен 7-сі күндері ауданымызда «Көктем – 2025» республикалық командалық-штабтық оқу жаттығуы өткізілді. Жаттығудың І кезеңі азаматтық қорғаудың басқару органдарын, күштері мен құралдары құлақтандырылып, Құлан ауылы, Жетісу көшесі бойында сапқа тұрғызылып, еріген қар суынан тұрғын үйлерге төнген қауіп салдарын жою болса, жаттығудың II кезеңінде Құлан ауылы, «ҚұланЭнергоЖылу» КМК қарасты жылыту қазандығында жалғасты. Оқу-жаттығуға барлығы 25 бірлік техника және 68 адам жұмылдырылды.
«Құлан таңы» ақпарат.
