Дезинфекция. Дезинсекция. Дератизация…

115 Views

Дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық іс-шараларды жүргізу «Халық денсаулығы және ден­­саулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жыл­ғы 7 шілдедегі № 360 – VI ҚРЗ Кодек­сі­нің (бұдан әрі – Кодекс) 107-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Дезинфекциялық құралдармен жұ­­мыс істеуге денсаулық жағдайы бо­йын­ша қарсы көрсетілімдері жоқ, кәме­лет­ке толған адамдар жіберіледі. Де­зин­­­фекциялағыш құралдармен жұ­мыс істеуге тартылатын мамандар (дезин­с­трук­тор, дезинфектор, дерати­за­тор) әрбір 5 жыл сайын дезинфекция, дезин­секция, дератизация бойынша кә­сіби даярлықтан және жыл сайын жұмыс­тарды қауіпсіз жүзеге асыру, дез­құралдармен уланған кезде дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету мәселе­лері бойынша нұсқамадан өтеді.
Дезинфекциялағыш құралдарды сақ­тау және тасымалдау халықтың санита­рия­лық-эпидемиологиялық са­лауат­тылығы саласындағы қолда­ныс­тағы НҚА талаптарына сәйкес жүр­гі­зіледі.
«Дезинфекция, дезинсекция және дератизация ұйымдастыруға және жүр­гізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санита­риялық қағидаларының бекіту туралы ҚРДСМ 2022жылғы 29 шілдедегі №68 бұйрығымен жүргізіледі.
Залалсыздандырудың тәсілдері.
Дезинфекция – адам мен жануарларда, өсімдіктерде ауру қоздыратын микроорганизимдерді жоюға бағытталған шаралар жүйесі. Залалсыздандыру – жұқпалы аурулар­дың кең таралып кетуін болдырмау шараларының бірі. Қазақ халқы залал­сыздандыру тәсілдерін ерте заманнан бері қолданып келген. Мысалы ауыр­ған адамның ыдыс-аяғын бөлек ұстап қайнату, науқастан түскен шашты, тыр­нақты көміп тастау немесе өр­теп жіберу. Мал шаруашылығы ошақ­тарын­да жүргізілетін бірінші кезектегі шара­лар – дезинфекция, дезинсекция, дератизация.
Залалсыздандыру сыртқы орта­ның әртүрлі жұқпалы ауру қоздыр­ғыш­тарын жою құралдары мен тәсіл­дері.
Залалсыздандыру мақсатына байла­нысты алдын алу шаралары ағым­дағы қорытынды дезинфекция эпидемио­логиялық ошақтарда жүргізіледі.
Дезинфекция – жұқпалы ауру тасу­шы буын аяқтыларды, жәндіктерді жою.
Дератизация – бірқатар аурулардың қоздырғыш көздері болып табылатын кеміргіштерді жою.

Г.Темірбекова,
аудандық санитарлық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының санитариялық-гигиеналық бақылау және қадағалау, техникалық регламенттерді
бақылау бөлімінің басшысы.
Г.Қабылова,
ҚРДСМ СЭБҚ «Ұлттық сараптама орталығы»
ШЖҚ РМК Жамбыл облысы бойынша филиалының
Т.Рысқұлов аудандық бөлімшесінің дезинструкторы.

Поделиться ссылкой: