Олардың ерлігі – ұрпаққа үлгі

90 Views

Биыл Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 36 жыл толды. Осыған орай ауданымыздың әр ауылдық округтерінде Ауған соғысы ардагерлерінің қатысуымен көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды. Дәл сондай іс-шараның бірі Луговой ауылындағы көліктегі полиция департаменті Түрксіб станциясындағы желілік поли­ция бөлімінде жеке құрамның қаты­суымен өтті.

Шараға Ауған соғысының ардагері Түйебаев Сарсенбай Құдысұлы арнайы шақырылды. Кездесу барысында Сарсенбай Түйебаев Ауған соғысының зардабы мен зияны туралы ой қозғап, отансүйгіштік, рухани-ізгілік және ұлттық мүдде хақында сөз сөйледі. Кездесу соңында Түрксіб станциясы желілік полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Қадыров Оралбек Қалдарбекұлы Ауған соғысының ардагері Сарсенбай Түйебаеқа алғысын білдіріп, оның иығына шапан жапты.

Қанат Удербаев,
Түрксіб станциясы желілік полиция бөлімінің тәрбие және кадр жұмысы
тобының аға инспекторы, полиция майоры.

Поделиться ссылкой: