Жамбыл облысының делегациясы Түркияның Мерсин провинциясында болды

133 Views

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев бастаған делегация Түркия Республикасының Мерсин провинциясына жұмыс сапарымен барды. 

Іссапар барысында делегация инвестициялық форумға қатысып, өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды. Сонымен бірге Мерсиннің іскер топтарымен тәжірибе алмасу, өндірістік кооперация және инвестициялық ынтымақтастық, жетекші өнеркәсіптік компа­ниялармен серіктестік орнату мәселелері бойынша келіссөздер жүргізілді.
Іссапардың қауырт бағдарламасында ірі кәсіпорындарға, Мерсиннің индустриялық-өнеркәсіптік аймағына бару қамтылды.
Жұмыс тобымен бірге нысандарды Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Еркебұлан Сәпиев, Бас консул Қуат Қанафеев, Мерсин қаласындағы Құрметті консул Ахмет Будан аралады.
Жамбыл облысының делегациясы салынып жатқан Аккую атом электр станциясына іргелес орналасқан Мерсин провинциясы аудандарының экономикалық даму динамикасын егжей-тегжейлі зерттеді. Мерсин басшылығының айтуынша, бұл саладағы жобалар Гюльнар және Силифке аудандары экономикасының 40 пайызға өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік берген.

Станция құрылысының мульти­пли­кативті әсері туралы да сөз қозғалды. Мерсин провинциясында шағын және орта бизнестің даму қарқыны артқан.
Делегация АЭС құрылысы алаңы­ның жанындағы жұмысшыларға арнал­ған тұрғын үй кешеніне барды. Барлығы 24 жатақхана салынған (3 200 адам).
Ербол Қарашөкеев Medcem Cement Group басшылығымен құрылысты дамытуды ынталандыру және құрылыс индустриясына әлемдік стандарттарды енгізу бойынша белсенді шараларды талқылады. Medcem Cement зауыты – жылдық қуаты 6,6 миллион тонна өнім шығаратын әлемдегі ең ірі цемент зауыт­тарының бірі.
Жамбыл облысының кәсіпкерлері түркиялық әріптестеріне өңірдің бай минералдық-шикізат ресурстары туралы айтып, тәжірибелерімен бөлісіп, одан әрі ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын ұсынды.
Делегация атом электр станция­сы­ның болашақ жұмысшылары үшін салынып жатқан үлкен тұрғын үй кешенінің құрылысын мысалға ала отырып, Мерсиндегі құрылыс индус­триясының әлеуеті туралы тереңірек білді. Әр түрлі көлемдегі пәтерлерден бөлек, нысан аумағында балабақшалар, мектептер, бизнес, денсаулық сақтау, спорт нысандары, ойын алаңдары, қонақ үй, мәдениет орталығы салынады, көліктерге арналған электр зарядтау станциялары, шатырларда электр қуа­тын өндіретін күн батареялары болады.
Облыс әкімі тұрғын үй құрылысы бойынша түрік тарапының тәжірибесін зерделеп, жаңа технологияларды енгізуді тапсырды.
Мерсиннің индустриялық-өнеркә­сіп­тік аймағына сапар барысында делегация өндіріс орындарымен танысып, бірлескен кәсіпорындар құру мәселесін талқылады. Атап айтқанда, делегация Yılbor Boru пластик құбырлар зауытын, Gökmak болат конструкциясы мен желдету жүйесі зауытын, сондай-ақ, Berdan Çevata бекіткіш өндіру зауытын аралады.
Arbel Group дәнді және бұршақ дақылдарын қайта өңдеу зауытында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу жөніндегі жобаларды бірлесіп іске асыру жөніндегі жоспарлар талқыланды.
Ulusu Pompa сорғы жабдықтарының кең ауқымын өндіруге маманданған компания. Бұл бағыт жер асты суларын тиімді пайдалану және ұңғымаларды бұрғылау бойынша ауқымды жұмыс­тарды ескере отырып, Жамбыл облысы үшін өзекті болып отыр.
Asya sera компаниясы жылыжай құрылысына арналған берік конструк­циялар шығару жобаларын ұсынды.
Өңір басшысы компанияларды Жамбыл облысында жоғары техно­логиялық өндіріс орындарын ашуға шақырып, кәсіпкерлікті қолдау шара­лары, оның ішінде жаңа кәсіпорындар үшін дайын өндірістік алаңдар беру туралы айтты.
Екіжақты кездесу барысында Ербол Қарашөкеев пен Мерсин про­вин­циясының губернаторы Атилла Торос түрлі салалардағы страте­гиялық әріптестікті одан әрі нығайту және кеңейту әлеуеттерін талқылады. Жамбыл облысының Мойынқұм, Шу аудандары мен Мерсин провинциясының Гюльнар және Силифке аудандары арасындағы сауда-экономикалық байланысты ны­ғайту туралы келісімдерге қол жеткізілді.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Поделиться ссылкой: