Түйткілді мәселелер талқыланып, жан-жақты талдау жүргізілді

93 Views

Жақында аудан әкімдігі үлкен мәжіліс залында жиын өтті. Оған облыс әкімдігінің Жер қатынастары басқармасының басшысы Данияр Өтепов, аудан әкімінің орынбасары Ерғазы Еспенов және ауылдық округтердегі салаға жауапты мамандар қатысты.

2024 жылғы индикаторлық көрсеткіштерге сәйкес, аудан бойынша пайданылмай жатқан 6000 га жер телімін мемлекет меншігіне қайтару жоспарланған еді. Алайда бұл жоспар артығымен орындалып, жалпы көлемі 46045 га жайылымдық жер мемлекет меншігіне алынды. Оның ішінде 3045 га жер пайдалану мерзімінің аяқталуына байланысты қайтарылса, 43000 га жер телімі игерілмегендіктен, сот шешімі арқылы мемлекет меншігіне өтті.
Биыл да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады. Жоспарға сәйкес,12000 га жерді қайтару межесі бекітілген. Жиын барысында осы мәселелерге қатысты түйткілдер талқыланып, жан-жақты талдау жүргізілді.

«Құлан медиа» ақпарат.

Поделиться ссылкой: