ЭЦҚ кілтін қайта шығаруға бола ма?
18 ViewsЭЦҚ қолданылу мерзімі шығарылған күннен бастап 1 жылды құрайды. Осы мерзім аяқталғанға дейін ЭЦҚ кілтін қайта шығаруға болады. ЭЦҚ-ны онлайн режимде қайта шығару өте…
Мейірімділік – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Бұл асыл қасиет халқымыздың қанына сіңген. Осындай ұлттық құндылықтар негізіндегі тәлім-тәрбиені, ұлтымыздың асыл қасиеттерін дәріптеп жүретін қазыналы қарттарымызыдың баршылығына да тәубе дейміз.
Жуырда ғана құрылған Қарақыстақ ауылдық округіне қарасты Каменка ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бауыржан Намазбаев бастаған ақсақалдар мереке қарсаңында мүмкіндігі шектеулі 17 балаға жаңажылдық сыйлықтар таратты. Аз да болса, баланың балауса көңіліне сыйлаған қуаныштың өзінен артық не нәрсе бар десеңізші! Ауылдық ардагерлер кеңесіне ақ жаулықты аналарымыз да өз алғыстарын білдіріп жатты.
Нұршат ЕРСАЙЫН.