Өлеңі – өмірі
28 ViewsАстанадан, облыс орталығынан шалғай ауылда тұрап-ақ, адам баласының рухани күшінің қайыспас қайсарлығын танытып, күйкі тірліктің шаңына көмілмей, көкірегінде тулап жатқан шалқар ойды өлеңмен өрнектеп…
Сейсенбі күні аудан әкімі Ернар Есіркепов Мемлекет басшысының №826 Жарлығына сәйкес, Қарақыстақ ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Кездесуге аудандық мәслихат төрағасы Ербол Әбутәліповте қатысты. Жиын барысында аудан басшысы Ернар Серікәліұлы өткен жылы атқарылған жұмыстарды тізбектеп, ауыл шаруашылығы, білім, өнеркәсіп, кәсіпкерлік, денсаулық, құқық қорғау, мәдениет және құрылыс пен инвестиция саласында жүзеге асырылып жатқан жемісті жобаларды жеке-жеке атап өтті. Әсіресе құрылысқа қатысты жобалардың көптігін айтып, олардың басым бөлігі өз мәресіне жетуге жақын екендігін жеткізді. Соның бірі – Қарақат каналының құрылысы.
Аудан басшысы Ернар Есіркепов алдағы уақытта 5 су қоймасын салу жоспарланып отырғанын да сөз етті. Одан бөлек құрылыс саласында емдеу мекемелері, мәдениет үйлері, спорт кешендері және тұрғын үйлер салынып жатқанын айтып, барлығы да халыққа пайдалануға берілгенін атап өтті.
Жиында бірқатар мәселелер де көтерілді. Аудан әкіміне тұрғындар тарапынан «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» автодәлізінің Қазақ ауылының маңына жылдамдық өлшейтін құрылғы қою, денсаулық саласын жандандыру, саяси іс шараларды көбейту, «Күншуақ» балабақшасының маңын абаттандыру, қажетті құралдармен қамту, мәдениет үйінің шатырындағы олқылықты реттеу, Қазақ ауылындағы кітапхананы жөндеуден өткізіп, оқу залын ашу сынды мәселелерді көтерді. Барлық сұрақтарға жауап берген аудан басшысы Ернар Серікәліұлы жеке қабылдау да өткізді.
Жеке қабылдауға кірген жандар баспана, ауыл шаруашылығы, денсаулық саласына қатысты сұрақтарды көтерді. Аудан әкімі Ернар Есіркепов жиын аяқталған соң, Қазақ ауылындағы кітапхана, мектеп, балабақша сынды әлеуметтік нысандарды аралап, ондағы мәселелермен жақын танысты.
Жәнібек Базылбек.