Дәрігерлер – ардагерлер арасында

273 Views

Игі бастама – қашанда өміршең. Жаңадан тайындалған аудандық аурухананың бас дәрігері Дәулет Ахметбеков ардагерлерді тұрақты қамқорлыққа алу жөнінде бастама көтерген болатын. Игі ниетті қуана құптап, зор қолдаумен қарсы алған Құлан ауылдық округінің ардагерлер кеңесі жуырда Ардагерлер үйіне ақ халатты абзал жандарды шақырып, жасы шау тартқан зейнеткерлерін дәрігерлік тексеруден өткізуді ұйымдастырды.
Қарттар арасына келген Әсем Тоқанова, Нариман Сарымсақова, Гүлзат Садықова, Айгерім Пойызбай және Гаухар Әбубәкірова сынды дәрігерлер мен мейірбикелер әр ардагерді мұқият тексеріп, денсаулықтары туралы мағлұмат беріп, қарт кісілердің денсаулығын күту жолдары туралы кеңінен әңгіме өткізді. Қазыналы қарттарымыз оларға ақ жүректік алғыстарын жаудырды.
Суреттерде: дәрігерлік тексеруден көріністер.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: