ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ
287 Views ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Сыбайлас жемқорлықтың себебі мен шарттарын жоймай онымен күресу – жел диірменмен алысу», –…
1 наурыз – Алғыс айту күні. Аталмыш мерекеге және Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толуына орай өткен сенбіде аудандық мәдениет үйінде «Мың алғыс – қазақ халқына» деген тақырыпта салтанатты шара өтті. Шараға аудан тұрғындары, түрлі этнос өкілдері мен зиялы қауым мүшелері қатысты. Салтанатты жиында аудан басшысы Ернар Серікәліұлы құттықтау сөз сөйлеп, өлкеміздің дамуына зор үлес қосып жүрген әр сала қызметкерлеріне алғыс білдірді. Кеш барысында өнерпаздар мен этнос өкілдері мерекелік концерт қойды. Көрермендер концертті үлкен қызығушылықпен тамашалап, ерекше көңіл күйге бөленді. Айта кету керек, бүгінде ауданымызда 20-дан астам ұлт өкілдері тұрып, қоғамның әр саласында жемісті еңбек етуде. Олар ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлестерін қосып келеді.
Ақжарқын Мұратбекқызы.