ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ
273 Views ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Сыбайлас жемқорлықтың себебі мен шарттарын жоймай онымен күресу – жел диірменмен алысу», –…
Оңтүстік өңірден солтүстікке көші-қонды ұйымдастыру арқылы азаматтарды жұмыспен қамтудың негізгі аспектілері орындалмақ.
Осыған орай ауданымызға арнайы делегация өкілдері келіп, жергілікті тұрғындарға негізгі басымдықтарын түсіндірді. Еліміздегі «Қоныс аудару» бағдарламасы аясында кез келген адам өзі тұратын өңірдің ішінде ғана емес, басқа да облысқа көшіп бара алады. Ол үшін мемлекет тарапынан қаржылай қолдау шаралары да қарастырылған.
Бұл туралы жәрмеңкеде алғашқы болып сөз сөйлеген аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Арман Мамырбаев баяндап берді. Басқа өңірге көшіп барған адамға жан жақты қолдау жасалады. Субсидиядан бастап оқытуға дейінгі мүмкіндіктер бар. Қандастар мен қоныс аударушыларға қабылдаудың өңірлік квотасы енгізілген адамдарға мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіледі. Атап айту керек, аталмыш бағдарлама 2011 жылы бастау алған. Көшуге субсидиялар отбасының әрбір мүшесіне 70 айлық есептік көрсеткіш, яғни 275 мың 240 теңге мөлшерінде бір рет беріледі. Ал тұрғын үйді жалдау және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды жабу үшін 12 ай ішінде бір отбасыға 15-тен 30 айлық есептік көрсеткішке дейін, яғни 58 980 теңгеден 117 960 теңгеге дейін субсидиялар қарастырылған. Бағдарламаның басты міндеті – қоныс аударушы сол өңірде 5 жылдан кем тұрмауы қажет. Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындар саны жылдан жылға азайып бара жатқан өңірлердің қатарына жатады. Бүгінгі таңда солтүстік өңірлерде жұмыс орындарын көптеп ашуға, бұл өңірлерде ауқымды жобаларды іске асыруға ерекше екпін қойылып отыр. Елімізде «Оңтүстіктен солтүстікке көшу» бағдарламасы аясында мыңдаған адам қоныс аударған. Сондай-ақ, жәрмеңкеде біздің өңірімізде де бірқатар маман иелеріне қажеттілік бар екендігі көрінді. Әсіресе «Мұз тау» және «Құлан жолдары» ЖШС-не қаптаушы, көлік жүргізуші, тракторшы, электрогаз дәнекерлеуші, агрегат жинаушы, есік профильдерін қаптаушы және де өзге мамандар қажет.
Айдана Мақсұт.