ҚҰРМЕТТІ РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСУШЫ!
20 ViewsҚҰРМЕТТІ РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСУШЫ! Егер Сіз 2026 жылғы 15 наурызда дауыс беру күні өзіңіздің тіркелген жеріңізден тыс жерге баратын болсаңыз, қалай дауыс бере аласыз? Ол…
«Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы аясында «Оқуға құштар жүректер» атты облыстық байқаудың аудандық кезеңі Құлан ауылдық балалар кітапханасында өтті.
Қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілдері Сапарғали Бегалин – 130 жыл, Өтебай Тұрманжанов – 120 жыл, Сансызбай Сарғасқаев –100 жыл, Асқаржан Сәрсектің 75 жылдығына арналған шығармашылық байқауға ауданнан 10 оқырман қатысты.
Нәтижесінде жүлделі ІІІ орынды Жақсылық ауылдық кітапханасының оқырманы Санжар Елеу, жүлделі ІІ орынды Құмарық ауылдық балалар кітапханасының оқырманы Айзере Мелтенбет иеленсе, жүлделі І орынды Қазақ ауылдық кітапханасының оқырманы Ясмина Балтабай иеленіп, облыстық байқауға жолдама алды.
М.Токиева,
Құлан ауылдық балалар кітапханасының
кітапханашысы.